Архив событий

15/06/2017

«Сот жүйесінде электрондық іс жүргізуі» тақырыбына дөңгелек үстел

15/06/2017

 

Железин аудандық сотында «Сот жүйесінде электрондық іс жүргізуі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті, оған сот төрағасы Ғ.М. Ертаев, бас маман Д.Есенова және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  қатысты.

Баяндамамен сотқа электрондық құжаттарды беру тәртібі сұрағы жөнінде, атап айтқанда «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы әкімшілік материалдарды бас маман Д.Есенова ашып, «Сот кабинеті» арқылы әкімшілік істерді тіркеу, жолдау тәртібі туралы толық айтты.

«Сот кабинетінің әйгілілігі» атты тақырыпта семинар сабақ өткізілді

15/06/2017

Ақтоғай аудандық сотында, ауыл тұрғындарымен, мемлекеттік ұйымдармен және сот мамандарымен «Сот кабинетінің әйгілілігі» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Жаңа технологияларды енгізу – уақыт талабы, сондықтан соттардың тапсырмасы – қоғамға сотқа сервис арқылы жүгініп, барлық мемлекеттік органдармен және тұрғындармен байланыс орната алатыны туралы ақпаратты жеткізу болып табылады.