Архив событий

05/06/2017

Сот отырысының хаттамасын құру мәселесі бойынша семинар

05/06/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында маңызды процессуалды құжат болып табылатын – сот отырысының хаттамасын әзірлеу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында баяндама жасаған сот мәжілісінің бас маманы – А.Б.Садвакасова сот отырысының хатшыларына дұрыс әзірленуі жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

Баяндамашы сот отырысының хаттамасының мазмұны, тәртібі және мерзімдері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 820 бабында нақты көрсетілгендігі туралы түсіндіріп берді.