Сот отырысының хаттамасын құру мәселесі бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында маңызды процессуалды құжат болып табылатын – сот отырысының хаттамасын әзірлеу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында баяндама жасаған сот мәжілісінің бас маманы – А.Б.Садвакасова сот отырысының хатшыларына дұрыс әзірленуі жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

Баяндамашы сот отырысының хаттамасының мазмұны, тәртібі және мерзімдері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 820 бабында нақты көрсетілгендігі туралы түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, семинар барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі М.Негметжанова, сот отырысы хатшыларының, сот отырысының хаттамасы әрі онда сот отырысының жүргізілу барысы жазылатын маңызды процессуалды құжат екендігі туралы айтты.

Источник: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі