Архив событий

29/06/2017

Павлодарда сот Семей ядролық полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамның құқығын қорғады

29/06/2017

Мемлекеттік қызмет атқаратын азаматша Б. жалдау шарты негізінде отбасымен бірге тұратын қызметтік пәтерді өтеусіз жекешелендіру шартын жасау туралы арызымен тұрғын үй комиссиясына жүгінді.

Жергілікті атқару органының қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен «Тұрғын үй қатынастары» Заңының нормаларына, оның ішінде тұрғын үй құқық қатынастарынан туындайтын даулардың шешу тәртібін көздейтін 8-бабына сілтеме жасап, яғни қабылдаған шешімнің нақты құқықтық негіздеусіз бас тартылды.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жаңа судья ұсынылды

29/06/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот төрағасы ұжымына, Павлодар облысының прокурор қызметкерлеріне және Павлодар облысының ІІД-ның қызметкерлеріне жаңадан тағайындалған судьяны ұсынды.

К.Султанов тергеуші лауазымда еңбек жолын бастады. Әр түрлі уақытта сот қаулыларын атқару жөніндегі тергеу департаментінің бөлімінің бастығы және Павлодар облысының соттар әкімшісінің сот приставтарының қызметін ұйымдастыру жұмыс істеген. Судьяның еңбек өтілі 14 жыл.

Павлодар облыстық соты Судьялар Одағы филиалымен бірлесе отырып, аумақтық және республикалық БАҚ-ның өкілдерін олардың кәсіби мерекесі - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады!

29/06/2017

Павлодар облыстық соты Судьялар Одағы филиалымен бірлесе отырып, аумақтық және республикалық БАҚ-ның өкілдерін олардың кәсіби мерекесі - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады! 

Кездесуге «Сарыарқа самалы» және «Звезда прииртышья» облыстық газеттерінің, «Қазақстан-Павлодар», «31 канал» телеарналарының, «Халық радиосы» облыстық радиосының, «pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторлары қатысты.