Павлодар облыстық сотында пленарлық отырыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында 2017 жылғы 24 ақпанында Жоғарғы Сот Кеңесімен жарияланған, облыстық және оған теңестірілген соттардың, аудандық және оған теңестірліген соттардың төрағалары мен судьялардың бос лауазымдарына тұру конкурсына қатысу үшін үміткерлерді талқылау мәселесі бойынша Соттармен өзара әрекеттесу Кеңесі төрағасының м.а. С.Атымтаевтың қатысуымен пленарлық отырыс өтті.

Іс-шараны аша отырып, обыстық соттың төрағасы М.Смағұлов судьяларға қойылатын жоғарғы талаптар шеңберінде судьялардың бос лауазымына үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдерінің бірі жоғары білім деңгейі, моральдық-өнегелілік қасиеттері мен мінсіз беделі болып табылатынын белгілеп өтті.

С.Атымтаев әр үміткердің өмірбаян деректерімен және еңбек қызметімен танысып, сот төрелігін сапалы жүзеге асыру үшін жоғары білім деңгейі мен  моральдық-өнегелілік қасиеттері ғана қажет емес, сонымен қатар тұрақты психологиялық дайындық  қажет екенін атап өтті.

Талқылау нәтижесі бойынша таныстырылған 12 үміткер облыстық сот пленарлық отырысының он қорытындысын алды, әрі қарай Жоғарғы Сот Кеңесінің отырысында қаралады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Жоғарғы Сот Кеңесіне жолдау үшін сәйкес Павлодар облыстық сотының пленарлық отырыс қаулысы дайындалды. 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі