Пилоттық жобаны түсіндіру бойынша Май ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы Май аудандық соты Көктүбек ауыл округінде даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізудегі пилоттық жобаны түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Шараға аудан прокуратурасының, ішкі істер бөлімінің, заң кеңесінің/ адвокат/, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері мен кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова пилоттық жобаның мақсаты мен міндетін түсіндірді. Пилоттық жоба 2017 жылдың акпан-шілде айлары болып белгіленіп, даудың (жанжалдың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу екенін түсіндірді.

Баяндамашы пилоттық жобаның мақсаты мен негізгі міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын айтты. Аталған жобада еңбек, мұрагерлік, сақтандыруға қатысты даулар, некені бұзу және мүлікті бөлу, пәтерден шығару, зайым келісім щарты бойынша және көршілер арасындағы дау-дамайларға қатысты істер қамтылған.

Кездесуге қатысушылар пилоттық жобаны толықтай қуаттап, аталған жобаның табысты жүзеге асуына жауапкершілікпен қарау қажеттігіне тоқталды.

Источник: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі