Архив событий

03/05/2016

Кураторлар-Павлодар облыстық сотының судьялады көмек көрсетті

03/05/2016

Кураторлар –Павлодар облыстық сотының судьялары  Г.Сагиденов, В.Фриман  Железин аудандық сотының төрағасы Г.Ертаевпен семинар-кеңес өткізілді.

Кездесу барысында азаматтық істерді қараған кезде Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларын қолдану бойынша ,әкімшілік істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәжірибесі және қылмыстық істер бойынша жаза тағайындау өзекті  мәселелері  талқыланды.  

Павлодар облысының судьясы сот отырысы залында істерді қарау кезінде әдеп нормасын сақтау бойынша оқу семинарын өткізді

03/05/2016

Павлодар облыстық сотының судьясы Е.Байғұрманов сот отырыс залында істерді қарау кезінде әдеп нормасын  түсіндіру мақсатында Лебяжі аудандық сотына келіп қайтты.

Е.Байғұрманов өзінің сөз сөйлеуінде, сот ісін жүргізу уақытында материал мен кодекстерден басқа жұмыс орныныда басқа әдебиеттер болмау қажеттігін белгілеп өтті. Сот мамандары - сот отырысының хатшылары әдеп кодексін сақтап, іс жүргізу уақытында аландамау қажеттігіне назар аударды.

Судьялар мен сот мамандары облыстық соттың судьясының кеңесін назарға алды.

ЖШС мен онда жұмыс істейтін жинаушы арасында еңбек дауы медиациялық келісіммен реттелді

03/05/2016

Павлодар қалалық сотымен С.-ның ЖШС-не қатысты еңбек ақыны өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.  

Талапкер С. ЖШС-де қызметтік орынды жинаушы лауазымында жұмыс атқарғаны анықталған. 2016 жылдың ақпан айында жұмысшының бастамасымен еңбек келісім шарты бұзылған. Жұмысшыны жұмыстан босату барысында оған 513 437 теңге мөлшерінде еңбек ақы төлеуден жиналып қалған қаржы төленбеген.    

С. жауапкерден еңбекақы бойынша аталған қарызды өндіріп беру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Прокурордың мемлекет мүддесі үшін берілген талап арызы қанағаттандырылды

03/05/2016

Май ауданының прокуроры мемлекеттің мүддесі үшін жауапкерден жәбірленушінің емделуіне кеткен ақшаны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 25 қаңтарында жауапкер С. ВАЗ-2110 автокөлігін Ақсу-Курчатов тас жолы бойынша Май ауылы манында басқарып келе жатқанда Тойота «Ланд Крузер Прадо» азамат Ж. басқарған автокөлігімен ЖКО жасады.

14 ақпанда некесіз бірге тұрушы әйелінен телефон ұрлаған ер адам жәбірленушімен татуласты

03/05/2016

Май аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 188 бабының 1бөлігі).

Іс материалдары бойынша, азамат П. 2016 жылдың 14 ақпанында  өзімен бірге тұратын азаматша Б-ның үйінде бола тұра, «Нокиа» маркалы ұялы телефонын ұрлап алған, соның салдарынан  жәбірленушіге 10 000 теңге материальдық шығын келтірілген.

Сот отырысында сотталушының қорғаушысы қылмыстық істі тараптардын  татуласуына байланысты қысқартуға өтініш білдірді.

Железин аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

03/05/2016

Железин аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қарсы әрекет жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 73-бабының бірінші бөлігі).

Іс материалдары бойынша, азамат Б.,  өз үйінде, мас күйінде бола тұра, анасына балағат сөздер айтып жанжал шығарған.

Істі қарау барысында жәбірленуші мен құқық бұзушы атынан татуласу жөнінде медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім жасау жөнінде өтініш түсті.

«Әкімшілік істерді қысқарту негіздері» тақырыбына семинар

03/05/2016

Железин аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Г.Аубакированың және сот мамандарының қатысуымен «Әкімшілік істерді қысқарту негіздері» тақырыбына  семинар өтті.

Семинар барысында, кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар» ӘҚБтК 741 бабымен реттелген әкімшілік істерді қысқартуға негіз болатынын белгілеп өтті.

Ағымдағы жылдың 03 мамыр айының жағдайына дейін сотпен 8 әкімшілік іс қысқартылды.

Қазақстанда жұмысқа тұруға рұқсаты жоқ Өзбекстан Республикасының азаматтары республиканың шегiнен шығарылды

03/05/2016

Железин аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 бөлімімен және 517-бабының 5-бөлімімен (жұмысқа орналасуға рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға және мекенжайда тұрмауынан бойынша халықтың көші-қон саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының 4 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.