Архив событий

20/05/2016

Павлодар қалалық сотында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушы деп тану туралы азаматтық іс қаралды қаралды

20/05/2016

Павлодар қалалық сотында талапкер А.-ның «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалдау және көлік жолдары бөлімі» ММ-не қатысты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушы деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.  

«Медиация заңының қолдану саласы» тақырыбында Железин аудан әкімдігінде дөңгелек үстел өткізілді

20/05/2016

Железин аудан әкімдігінде, Железин аудандық сотының төрағасының бастамасымен «Медиация заңының қолдану саласы»  тақырыбында аудан прокуротурасының прокуроры  және аудан округінің әкімдердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді .   

Сот төрағасы бүгінгі таңда Железин ауданының ауылдық округтер әкімдіктерінің ғимараттарында «Медиация кабинеті» ашылғанын айтты. Олар халыққа «Медиация туралы» заңы туралы және ауылдың аумағынан шықпай сотқа дейін дауды шешудің тәсілін жеткізу үшін ашылғанын атап өтті.

Әкімшілік сотында «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» ҚБ Павлодар филиалының - қоғамдық емес ұйымының қатысуымен іс-шара өткізілді

20/05/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» Қоғамдық бірлестігі Павлодар филиалының өкілі С.Алейниктің қатысуымен семинар өткізілді, онда әкімшілік істерді қараған кезде сурдоаудармашының қатысуының мәселелері талқыланды.

Заң мағынасы бойынша аудармашы түрінде (саңырау мен мылқаудың іс-қимыл белгілерін ұғатын) тілдерді білетін, іске аяқталуына мүдделі емес әр кәмелетке толған адам тағайындалады, олардың білімі әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізу кезінде қажет болады.

Качир аудандық сотында БАҚ өкілдері мен қоғам өкілдеріне брифинг өткізілді

20/05/2016

Качир аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам өкілдері  үшін брифинг өткізілді.

Брифинг «Медиация» бітістіру рәсімін қолдану арқылы әкімшілік істі сот қарауының нәтижесіне арналды.

Качир аудандық сотының судьясы Д.Көдек қазіргі таңда отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік істер аудандық  сотта тараптардың татуласуымен медиация тәртібін қолданумен қысқартылатыны туралы ақпараттандырды.

Қорғаншы (қамқоршы) тағайындау мәселелері бойынша семинар өткізілді

20/05/2016

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нұржановамен «Қорғаншы (қамқоршы) тағайындау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда прокуратура, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, аудан адвокаттары қатысты.

Қ. Нұржанова қамқоршылықты белгілеу мәселесін шешудегі Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің талаптарын хабарлады.

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК СОТЫНДА «МЕДИАЦИЯ РӘСІМІН ТҮСІНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША» «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ»

20/05/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында медиация рәсімін түсіндіру мәселесіне қатысты «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шара жұмысна сот төрағасы, судьялар мен Павлодар қаласының прокурорының көмекшілері Ж.Абилмажинова, Р.Дюсембаев, М. Абнасырова қатысты.

Сот төрағасы Н.Есенжолов өзінің баяндамасында медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу екенін атап көрсетті.

Ертіс аудандық сотымен әке болу фактісі анықталды

20/05/2016

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нұржановамен әке болу фактісін белгілеу жөнінде азаматтық істі қарау бойынша ашық сот процесі  өткізілді, оның барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты (аудандық «Иртыш» газеті).

Ертіс аудандық сотының 2014 жылғы 6 тамыздағы шешімімен кәмелетке толмаған Б. тууын тіркеу фактісі анықталды. Акт жазбасы мәліметінде анасы бағанында азаматша М, әкесі бағанында азамат С. көрсетілген.

Ана-ана құқығынан шектелген ерлі-зайыптылар өз мінез-құлқын толық өзгертіп, құқықтан шектеу салдарының күшін жою туралы талап арыз тапсырды

20/05/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Л. және С. ерлі-зайыптылардың ата-ана құқығын қалпына келтіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

2015 жылдың қыркүйек айында олар сот шешімімен кәмелетке толмаған балалары 5 жасар Никита мен 2 жасар Александраға қатысты ата-ана құқығынан шектелген. Балалар балалар үйіне орналыстырылған.

Железин аудандық сотында гендерлік теңдік бойынша «дөңгелек үстел»

20/05/2016

Железин аудандық сотымен соттың судьяларымен, Железин ауданының Әділет басқарсының басшысы В.Гуринаның, мәдениет бойынша әдіскер Р.Куланбаева, Железин ауданының әділет басқармасының инспекторы С.Әубәкірова және сот қызметкерлері қатысуымен «Гендерлік теңдігі» тақырыпқа «дөңгелек үстел» өткізілді.

Кездесу барысында соттың төрағасы Ғ.Ертаев қазіргі таңда Қазақстан тәуелсіз ел болып жариялағаннан кейін гендірлік қағидасын сақтайды. Ол қатысушыларды Конституциямен кепіл берілген, гендірлік теңдіктің негізгі қағидаларымен таныстырып өтті.

Әке болуды анықтау және алиментті өндіріп алу туралы іс бойынша тараптар медиация келісім жасады

20/05/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.-ның Б.-ға әке болуды анықтау және алиментті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жауапкер мен баланың анасы баланың мүддесін қорғауға бағытталған дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне қол қойылды, келісім шарты бойынша анасы әкелігін  анықтау және одан алиментті өндіріп алу  туралы талап арызынан бас тартып, ал жауапкер өз екімен әкелігін анықтайды және ай сайын баланы асырауға алимент төлеуге міндеттенеді.

Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жауапқа тартылды

20/05/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу фактісі  бойынша әкімшілік іс қарады (ӘҚБтК 611-бабының 2-бөлігі).

Сотта Ф. Киянбекова көлік құралын басқарып, өзі жол көлік оқиғасына қатысушы бола тұра, жол жүрісі қағидаларын бұзып, оқиға болған жерден кетіп қалғаны анықталды. 

Облыстың экономикалық сотында Қазақстандағы гендерлік саясат туралы семинар өткізілді

20/05/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында сот судьяларымен семинарлық оқу өткізілді.

Семинарды сот төрағасы М. Рысбеков ашты және заманауи Қазақстанда гендерлік саясат ҚР Конститутциясына сәйкес жүргізілетінін айтты.

2006-2016 жж. Қазақстан Республикасында теңсіздік гендерлік саясат стратегиясы әйел саясаткерлерді дайындау жүйесіне және әйел адамдарды қорғауға арналған жобаларды жүзеге асыру үшін мақсатталған.

Успен аудандық сотында сот актілерін орындамайтын адамдарды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша әділет басқармасы басшылығымен «дөңгелек үстел» өткізілді

20/05/2016

Успен аудандық сотында «Сот актілерін орындамағаны үшін адамдарды тәртіпке тарту» тақырыбына « дөңгелек үстел» өткізілді. 

Аталған іс-шараға Успен аудандык сотының төрағасы м.а. А.Курмантаев, Успен аудандық Әділет басқармасы басшысы А.Ережепов, Успен аудандык прокуратурасының Прокурорының көмекшісі Е.Ермеков, Успен аумақтық бөлімі аға сот орындаушысы Д. Евтеевқа қатысты.