Архив событий

24/05/2016

2007 жылдан бастап тіркеусіз Қазақстан Республикасында болған Қырғызстан Республикасының азаматшасы сотпен қамаққа аланды

24/05/2016

Ертіс аудандық сотымен көші-қон облысында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактісі бойынша Қырғызстан Республикасы азаматшасы Т. –ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 517 бабының екінші бөлігі).

Ертіс ауданы ІІБ көші-қон полициясы қызметкерлерімен «Жасырын көшіп келуші» ЖПІ барысында Қырғызстан Республикасы азаматшасы Т. Қазақстан Республикасы аумағында ішкі істер органдарында тіркеусіз және аудан аумағында 2007 жылдан бастап болумен білдірілген көші-қон заңнамасын бұзу фактісі анықталды.

Сот істеріне сұранымды орындау бойынша сот мамандарымен семинар өткізілді

24/05/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Төрелік» жүйесінде «Сот істеріне сұраным. Қолданушының нұсқаулығы» тақырыбына сот мамандарымен семинар өткізілді. 

Кеңсе меңгерушісі А.Аселкан сот мамандарына осы қолданушының нұсқаулығын мұқият зерделеп, жұмыста қолдану қажеттігін белгілеп өтті.       

Басқару құқығы жоқ аудан тұрғыны мас күйінде мотоциклды басқарғаны үшін қамаққа алу жазасына тартылды

24/05/2016

Көлік құралын мас күйінде басқару қозғалыстың басқа қатысушыларына аса қауіп тудыратын әрекет.

Железин аудандық сотында басқару құқығы жоқ, алкогольді мас күйінде болған жүргізушімен көлік құралын басқару фактісі бойынша азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 608 бабының алтыншы бөлігі).

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы М., көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра 2016 жылдың 24 сәуірінде «Урал» маркалы мотоциклын мас күйінде басқарған.

Несие шарты бойынша дау медиация тәртібінде реттелді

24/05/2016

Баянауыл аудандық сотымен талапкер «Микрокредитті ұйым» ЖШС-нің жауапкер И-ға қатысты ісі қаралды.

Іс материалдары бойынша, И-ға 200 000 теңге несие берілді, бірақ қайтару бойынша міндетті тиісті түрде орындамаған. Талапкер 116 041 теңге қарызды өндіруді және кепілдік мүлікке аудару сұрады.

Мамандармен семинар өткізілді

24/05/2016

Баянауыл аудандық сотының жұмыс жоспарын орындау барысында қызметкерлер арасында «Қазақстандағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар өткізілді.

Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Д.Теміржан гендерлік саясаттың негізгі басты принциптерін, әйел адамдардың құқықтарын қорғау институционалды механизмі және әйелдердің құқықтары бойынша  халықаралық ұйымдар туралы айтып өтті.