Архив событий

31/05/2016

Павлодар қаласының әкімшілік сотының судьясы «Алименттерді өндіру жөніндегі атқару құжаттарын орындау бойынша өзекті мәселелерді шешу» тақырыбына жеке сот орындаушылары өңірлік палатасымен ұйымдастырылған «дөңгеле үстел» жұмысына қатысты

31/05/2016

Павлодар облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы «Алименттерді өндіру жөніндегі атқару құжаттарын орындау бойынша өзекті мәселелерді шешу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.

Балаларды қорғау күніне орай «Алименты» акциясының шеңберінде өткен «дөңгелек үстелге» Павлодар қалалық соты мен Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарының судьялары, басқа мемлекеттік органдардың, мекемелердің өкілдері, және де Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары қатысты.

Павлодар қаласының әкімшілік сотының судьясымен медициналық колледждің студентерімен көшпелі көрсеткіш сот отырысы өткізілді

31/05/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы М.Мусабаевпен «Павлодар қаласының медициналық колледжі» студентерінің қатысуымен көшпелі көрсеткіш сот отырысы өткізілді.  

Сотпен азамат Г. қатысты іс қаралды, ол 2016 жылы 11 мамыр айында Павлодар қаласының Павлов көшесінде қоғамдық пайдалану жерлерін ластай отырып, қоршағандарға сыйламаушылық көрсетіп «Ватан» аялдамасының жанында темекі шегіп, оны жерге тастаған, осылайша ұсақ бұзақылық жасаған.

Мұраға қалдырылған үлестік меншікті бөлу туралы дау медиация тәтібінде реттелді

31/05/2016

Талапкер  өсиетпен мұраға қалдырған үлестік меншікті  бөлу жөнінде сотқа арызданды.  Мұрагерлер үшеу. Талапкерге пәтердің  4/6 үлесі тиесілі, ал қалған екі жауапкерге  пәтердің  1/6  үлесі өсиетпен қалдырған. Жылжымайтын мүлік 838 мың теңгеге бағаланған.  Үлесі көп талапкер қалған үлесі бар жауапкерлерге  үлесі ақшалай өтеуін  төлеуге дайын.

Сот отырысы барысында судья М.Әсембаеваның татуласу рәсімдерін өткізуімен  тараптар арасында дауды сот медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасалды. 

Қорғау нұсқамасын бұзған үшін - ескерту

31/05/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК-нің 461 бабы «Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу» бойынша азамат А. қатысты  іс қаралды.

Азамат А., ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзып, тұрғын үйдің жанында бола тұра өзінің жұбайынан ортақ ұлдарын көрсетуге талап етті. Алдағы уақытта азамат А. әрдайым үйінде жанжал шығаруына байланысты, ертеде оған қорғау нұсқамасы шығарылған.

Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі бойынша істерді қарау тәртібі

31/05/2016

Железин аудандық сотында аға сот приставы А.Айтжановпен «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін істерді қарастыру  тәртібі» тақырыбына сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

 ӘҚБК 818-бабының 2-бөлімінде сот талқылауы барысында іске қатысушы тұлға жағынан сотқа құрметтмеушілік көрсету фактісі бойынша істі қараудың арнайы тәртібі қарастырылған.

Мектеп түлектері Баянауыл аудандық сотына барып қайтты

31/05/2016

Ашық есік күнін өткізу аясында Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің түлектері Баянауыл аудандық сотына барып қайтты.

Баянауыл аудандық сотының төрағасы Д.Салатов сол күні түлектермен кеңес өткізіп, сот қызметі туралы, «Төрелік», «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі жұмысының қағидаларымен таныстырып өтті.

Сот шешімімен негізделмеген пайда көру соммасы өндіріп алынды

31/05/2016

Железин аудандық сотымен жауапкер «Ш» ШҚ-нан талапкер Н-ның пайдасына негізделмеген пайда көру соммасын өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғандай, 2015 жылдың 08 мамырында талапкер «Б» ШҚ-нан 2 720 000 теңгеге бидай тұқымын сатып алды, жай серіктестік келісім шартына сәйкес, ШҚ-нан пайда көру үшін. Талап негіздемесінде сотқа кіріс кассалық ордер көшірмелерін табыс етті.

Железин аудандық сотында «Сот кабинеті» жүйесі арқылы әкімшілік істерді жолдау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

31/05/2016

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаевпен аудан прокурордың, жергілікті полиция қызметкерлерінің, аумақтық сот орындаушысының және кеңсе меңгерушісінің қатысуымен  «Сот кабинеті» жүйесі бойынша әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында «дөңгелек үстел»  өткізілді.

Шарбақты ауданында шекараны заңсыз өткен Ресейде бас бостандығынан айру мерзімін өтеген ер адам сотталды

31/05/2016

Шарбақты аудандық сотымен ҚК 392-бабының 1-бөлігі (мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту) бойынша кінәлі болып танылған 1976 жылы туған Р. Қазақстан Республикасы аумағынан бес жылға шығарумен алты айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 15 қыркүйегінде Р. азаматтығы жоқ тұлға бола тұра, Шарбақты ауданының аумағында бақылау-өткізу пункті шегінен тыс Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен.

Сумен жабдықтау су құбырын ауыстыруға мәжбүрлеу туралы іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

31/05/2016

Павлодар қалалық соты азаматтық істі қарау барысында тараптар арасында жасалған бітімгерлік келісімді бекітті.

Талапкер сотқа жауапкерді суық су құбырын ауыстыруға мәжбүрлеу туралы талап арызбен жүгінген.

Сот аталған келісімді бекіте отырып, АІЖК-нің 175 бабы нормаларына сілтеме жасады, оған сәйкес бітімгерлік келісім соттың кез-келген сатысында судья кеңесу бөлмесіне кіргенге дейін және сот актісін орындау барысында жасалуы мүмкін.  

Ертіс аудандық сотының ұжымы Халықаралық балаларды қорғау күнімен көп балалы, күнкөрісі төмен отбасын құттықтады

31/05/2016

Ертіс аудандық сотының ұжымы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мектепке дейінгі бес баладан құралған көп балалы отбасы Әбиевтерді құттықтады. Ертіс аудандық сотының төрағасы
Ә.Нұрғалиев, судья Д. Нұржанова, кеңсе меңгерушісі Т.Мағауов құрмет пен алғыс белгісі ретінде спорттық жабдықтар мен азық-түлік себетін табыс етті. Отбасындағы тұңғыш қызы Әсем №2 Ертіс орта мектебін (қазақ сыныбы) «үздікке» тәмамдады, «Алтын белгіге» үміткер. Әбиевтер отбасының қалған екі ұлы мен екі қызы «жақсы» және «үздікке» оқиды.

15 жасар қызына балағат сөздер айтқаны үшін Качир ауданының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

31/05/2016

Качир аудандық сотында ӘҚБтК 73-бабының бірінші бөлігі  ( отбасы-тұрмыс аясындағы құқық бұзушылық іс-әрекеттер) бойынша азамат М-ға қатысты әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.

2016 жылғы 15 мамырында сағат 13 шамасында М. өз үйінде ұрыс-жанжал шығарған, өзінің кәмелетке толмаған қызы 2001 жылы туған  М.-ның атына балағат сөздер айтқан.

 осы қылығымен ол оның қадір-қасиеті мен абыройына нұқсан келтірген, сондай-ақ үйде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзған.

Сотпен 21 сағаттан бастап келесі күнгі 12 сағатқа дейінгі мерзімде алкогольдік өнімдерді өткізу үшін айыппұл салынды

31/05/2016

Ертіс аудандық сотымен азамат К. қатысты ӘҚБтК 200-бабының үшінші бөлігі (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізу) бойынша әкімшілік іс қарастырылды .

Ертіс ауданында Желтоқан көшесіндегі дүкен сатушысы азамат К.-ға бір шөлмек арақ сатқан. 

Жүргізуші 3 жылға жүргізуші құқығынан айырылды

31/05/2016

Ертіс аудандық сотымен В. қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 608 бабының бірінші бөлігі (алкогольді масан күйінде болған жүргізушімен көлік құралын басқару) бойынша В. қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылы 14 мамырда сағат 02 шамасында Ертіс ауылында В. «Мазда-626» маркалы көлік құралын алкагольді масан күйінде басқарғаны анықталды,  сол әрекетімен Жол қозғалыс ережесінің 2.4.2 т. бұзған.

Сот мәжілісінде В. өз кінәсін мойындады.