Архив событий

19/05/2016

Павлодар облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілерімен семинарлар өткізілді

19/05/2016

Павлодар облыстық сотында Соттар әкімшілігінің басшысы С.Ахметбеков және оның орынбасары Г.Темірова облыстық соттың бөлім басшыларымен және аудандық және теңестірілген соттардың  кеңсе меңгерушілерімен семинар сабағын өткізді. 

Семинарлық сабақ екі секцияда өтті. Әр секцияда 2016 жылдың 4 айына қызметтің негізгі бағыты бойынша рейтинг көрсеткіші туралы мәселелер талқыланды.

Жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

19/05/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен жолдың қарсы бағыттағы жолына шығу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігі).

Сотта  А. Масалимов екі жақты бағыттағы жолда көлік құралын басқарып келе жатып, жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып кетіп, көлігін жүргізгендігі анықталды.   

Сот баламен көлікжуу жерінде тұратын әйелді ата-ана құқығынан айырды

19/05/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің З.Сстепановаға ата-ана құқығынан айыру талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, З. Степанованың кәмелетке толмаған қызы 2016 жылдың 23 ақпанынан бастап онымен бірге Павлодар қаласының бір көлікжүү жерінде тұрған.

Аудандық аурухана өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

19/05/2016

Баянауыл аудандық сотымен «Медициналық куәлендіру өткізу тәртібі, маңызды сұрақтар» тақырыбында судьялардың, «Баянауыл аудандық орталық аурухана» КМК-ның қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барысында, істерді қарау барысында медициналық куәлендіруға қатысты проблемалы сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстел қатысушылары өздерінің ойларын айтып және іс-шара қорытындысы бойынша нақты сұрақтарға талдау жасалды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін аудан орталығының екі тұрғыны үш күндік қамаққа алу жазасына тартылды

19/05/2016

Шарбақты аудандық сотымен ауданның жас тұрғынындарына қатысты екі әкімшілік іс қаралды, олар 2016 жылдың 2 мамырында Шарбақты ауылында дүкеннің терезесі шынысын сындырып, түңгі уақытта күзет дабылы ойнап, адамдардың тыныштығын бұзған.

Сотта құқықбұзушылар кінәлерін толығымен мойындады.

Сот оларды ӘҚБК 434-бабының бірінші бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылып, оларға 3 тәулікке қамаққа алу жазасы тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамаған әйел адамға айыппұл тағылды

19/05/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен  ӘБҚтК-нің 127-бабының екінші бөлігі бойынша азаматша П. қатысты әкімшілік іс қаралды.

12 және 13 жасар екі балалардың 30 жасар анасы әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жыл ішінде аталған әрекеттерді қайталап балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндетін орындамай, спирт ішімдіктерін шамадан тыс пайдаланғаны анықталған.

Сотпен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

19/05/2016

Павлодар қалалық сотының шешімімен үй тұрғындарының тұрғын үйді пайдалану тәртібін анықтауға қатысты дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісім шарт бекітілді.

Талапкер Н. мұрагерлікке құқық туралы куәлік негізінде Павлодар қаласында орналасқан пәтер үлесіне мұрагер болып келетіні анықталған. Пәтердің басқа иелері жауапкер Д. және Т. болып табылады. Талпкер Н. пәтердің иесі ретінде аталған пәтерге кіруді қалайды, соған байланысты соттан пәтерді пайдалану және тұру тәртібін белгілеп беруді сұрады.

Сотта 25 мың теңге мөлшерінде қарызды өндіріп алу туралы іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қаралды

19/05/2016

Павлодар қалалық сотында азамат Б.-ның жауапкер А.-дан қарыз соммасын өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды. 

Іс материалдары бойынша, жауапкер А. 2013 жылғы қаңтардың 24 күнгі келісім шарт бойынша 2013 жылдың қаңтар айының 31-не дейін 25000 теңге көлеміндегі қарыз ақшаны төлеуге міндеттенген. Көрсетілген мерзімде жауапкер талапкерге қарыз соммасын қайтармаған. 

Сот шешімімен қарызды өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Екібастұз әкімшілік сотында іс қағаздарын мемлекеттік тілде енгізу тақырыбына семинар

19/05/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсесімен «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуі» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар сот қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Семинарда мемлекеттік тіліндегі іліспе хаттардың, жедел отырыстардың хаттамаларын құрастырылуы туралы, құжаттарда грамматикалық және орфографикалық қателіктерді болғызбау туралы талқыланды.

Кеңсе меңгерушісімен мамандарға «Әділет» базасы жұмысында қолдану бойынша түсіндірулер берілді.

Бітімгерлік келісім бекітілді

19/05/2016

Павлодар қалалық сотында азамат Н.-нің жауапкер М.-мен араларындағы некені бұзу туралы талап арызды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы өткізу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Бітімгерлік келісімінің шарты бойынша ерлі-зайыптылар келешекте некелерін бұзу туралы сұрақ туындаған жағдайда сотқа неке бұзу туралы қайта жүгіну құқығын сақтайды.     

Ертіс аудандық сотымен жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарастыру тәжірибесі бойынша брифинг өткізілді

19/05/2016

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нұржановамен бұқаралық ақпарат құралдары, прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарастыру тәжірибесі бойынша брифинг өткізілді.

Медиация және балалар

19/05/2016

Ювеналдық сотпен кәмелетке толмаған Т.-ны ұрлық жасауда айыптау бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды (ҚК 188 бабының бірінші бөлігі).

Іс материалдары бойынша, кәмелетке толмаған Т. «Астана – Павлодар» поезында бола тура кәмелетке толмаған К.-ның 14 мың теңге құрайтын ақша қаражатын ұрлаған.

Ұрлық жасау туралы іс медиация тәртібінде қысқартылды

19/05/2016

Баянауыл аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды ( ҚК-нің 188-бабының бірінші бөлігі)

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 13 сәуірінде азамат М. аланнан үш металдық қоршауларды ұрлаған.

Сот отырысында тараптар медиациялық келісім ұсынды, оның шарты бойынша ұрланған мүлікті қайтару және кінәсін мойындауына байланысты тараптар татуласты.

2016 жылдың 17 мамырдағы сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ресей Республикасының азаматшасын Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге шығарып жіберілді

19/05/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Ресей Федерациясының азаматшасы П.-ға қатысты іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 17 мамырында Павлодар қаласының ІІБ МПБ-нің қызметкерлерімен П. 2015 жылдың 12 наурызында Ресей Федерациясының азаматтығы мен төлқұжатын алған және Қазақстан заңнамасына белгіленген мерзімінде шетелдік азаматтығын алу фактісі туралы хабарламағаны анықталған. 

Железин аудандық сотымен медициналық куәландырудан өту қорытындысын дайындау сапасы бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

19/05/2016

Железин аудандық сотында ІІБ  жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Уразгулов, АПБ Жол және техникалық инспекция тобының аға автоинспекторы Е.Серікбаев, жол патрульдік полиция аға сержанты Б.Т.Таукишев, әкімшілік тәжірибе бойынша инспекторы Н.Хаербаев, КМК «Железин орталық  ауруханасының» дәрігері Б.Тілеуов, «Железин орталық  ауруханасының» жедел жәрдемнің фельшерлерінің қатысуымен «Медициналық куәландыру қорытындылары және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды дайындау сапасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Әйел адаммен бір неше ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

19/05/2016

Павлодар облысы Лебяжі аудандық сотымен бір неше ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 188 бабының екінші бөлігінің 2,3 тармағы)

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 09 наурызында Д. Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында 54 жасар Д.  заңсыз К.-тың үйіне  кіріп, 4 кг сиыр етін және екі төсек орынды ұрлап кеткен, барлығы 12000 теңге соммасын құраған.

Ертіс ауданының тұрғыны үш тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

19/05/2016

Ертіс аудандық сотымен ӘҚБтК 440-бабының төртінші бөлігі бойынша (қоғамдық орындарда масаң күйінде болғаны үшін бір жылда екі рет әкімшілік жазаға тартылған адаммен масаң күйінде қоғамдық жерлерде болу) Б. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылғы 11 мамыр күні сағат 02 шамасында қоғамдық жерде масаң күйінде болған.