Архив событий

06/05/2016

Павлодарда Жеңіс күнін және Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өтті

06/05/2016

Павлодар облыстық сотында Ұлы Отан соғысында Жеңіс күнін және Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов, алқа төрағалары, сот жүйесінің судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Кештің құрметті қонақтары ардагер - тыл еңбеккері Зейнұлла Мынжасарұлы Тұлұбаев, сот жүйесінің ардагерлері мен отставкадағы  судьялары болды.

Жеңіс күнінің 71 жылдығын тойлау қарсаңында облыстық соттың ұжымы Ұлы Отан соғысының тыл еңбекшілірі - сот жүйесі ардагерлерін құттықтады

06/05/2016

Жеңіс күнінің 71 жылдығын тойлау қарсаңында Павлодар облысының Соттар әкімшілігі басшылығымен Ұлы Отан Соғысының тыл еңбекшілерін құттықтау өткізілді.   

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

06/05/2016

Келе жатқан Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71-жылдығын тойлау қарсаңында Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары соғыс ардагері Ысқақ Аубакіровтың үйінде қонақта болып, оны келе жатқан мерекемен құттықтады. Оның Отан алдындағы қызметін белгілеп өтіп, соғыста және соғыстан кейінгі жылдары барлық ауыр жүктерді  көтерген үлкен буынға алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде ардагер қонақтарға оған білдірілген назарларына шексіз ризашылығын білдіріп, оларға деңсаулық пен қызметте толағай табыс тіледі.

Екібастұз қаласының әкішілік сотының судьялары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

06/05/2016

Жеңіс күнін мерекелеу алдында Екібастұз қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері  Закирзян Лукманович Шагиахметовты құттықтады.

Соттың төрағасы Ғ.Қалдаров, судьялар Михаил Григорьев, Динара Нұрсултанова, кеңсе меңгерушісі Д.Кокышева ардагерге естелік сыйлықтарын табыс етті.

Ақтоғай аудандық сотының ұжымы мен облыстық сот алқасының адвокаты соғыс ардагерлерін құттықтады

06/05/2016

Ақтоғай аудандық сотының ұжымы Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокатымен бірге Ақтоғай ауданының соғыс ардагерлері 1926 жылы туған Михайл Павлович Коробкинді және 1922 жылы туған Зекен Сарсенович Сарсеновты келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады.

Ардагерлер қонақтарға соғыс пен майдан жолдары, соғыстың жауынгерлік шайқастары, қалай Жеңіс Күнін жақындатқаны туралы ұзақ әңгімелеп берді.   

Ертіс аудандық сотының төрағасы сот әділдігін жүзеге асыру бойынша жұмыс қорытындысы туралы ақпарат берді

06/05/2016

Өткен баспасөз-конференциясында Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиев бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне 2016 жылдың төрт ай ішіндегі аудан сотымен сот әділдігін жүзеге асырудың нәтижелері туралы ақпарат берді.

А.Нұрғалиев сот ісін жүргізу барысында заманауи ақпараттық технологияларын қолдану мәселелеріне тоқталды, әсіресе сот залдарын дыбыс-бейнефиксация жүйелерімен жабдықтауды, «Сот кабинеті» сервисі, бейнеконференц байланыстың артықшылықтарын атап өтті.

Екібастұз қалалық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

06/05/2016

Екібастұз қалалық сотында «2016 жылдың бірінші тоқсанына сот әділдігін жүзеге асыру қорытындысы» тақырыбына брифинг  өткізілді.

Брифингке Екібастұз қалалық сотының төрағасы  Ғ.Әлжанов, судьялар мен мамандар қатысты, жергілікті БАҚ-ның, «ЕҚТ» телерадио компаниясының өкілдері шақырылды.

Павлодар қаласының әкімшілік сотының судьясына жұмыста медиациялық рәсімін қолданғаны үшін грамота берілді

06/05/2016

Павлодар облыстық сотында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараға «Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қарау кезінде бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша соттардың ең үздік көрсеткіштері» атты облыстық байқау-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өткізілді. 

Павлодар қалалық сотымен қайтыс болу фактісін анықтау туралы азаматтық істі қаралды

06/05/2016

Павлодар қалалық сотымен А.-ның қайтыс болу фактісін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.    

Талапкер С.-ның қайтыс болу фактісін анықтау бойынша сотқа жүгінген, оның 1987 жылдың 21 тамызында туған қызы С. 1993 жылдың 25 қаңтарында қайтыс болғандығын және Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылының зиратында жерленгенін дәлелдеген. Аталған ауылда медициналық мекеменің болмауына байланысты қызының қайтыс болғандығы талапқа сай куәландырылмағандығын және медициналық қорытынды жоқ.

Ертіс аудандық сотының ұжымы қоршаудағы Ленинград тұрғынын Жеңіс күнімен құттықтады

06/05/2016

Ертіс аудандық сотының ұжымы 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында қоршаудағы Ленинград тұрғыны Валентина Антоновна Кузьменкованы  құттықтады. Ертіс аудандық соты төрағасы Ә.Нұрғалиев, судья Д.Нұржанова, кеңсе меңгерушісі Т.Мағауов мереке күні В. Кузьменковаға ерекше ілтипатпен құрмет көрсетіп, азық-түлік себетін табыс етті.

Ұялы телефондарға ұрлық жасаған әйел медиация тәртібінде жәбірленушілермен тауласты

06/05/2016

Шарбақты аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша (ҚК 188 бабы)1983 ж.т., бұрын сотты болған азаматша Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, Ш. 2016 жылдың 10-23 наурыз аралығында таныстарының үйінен екі ұялы телефонды ұрлап, жәбірленушілерге 13000 теңге көлемінде материалды зиян келтірген.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 15 шілдесінде Шарбақты ауылында «Кама» маркалы велосипедті ұрламақ болған, бірақ қылмыс орнында қолға түскен.

Павлодар қалалық сотымен мүлікті бөлу туралы іс бойынша медиациялық келісім бекітілді

06/05/2016

Павлодар қалалық сотының судьясы медиация тәртібінде татуластыру рәсімдерін өткізуінің нәтижесінде, талапкер мен жауапкер, олардың өкілдерінің араларында туындаған дауды реттеу туралы келісім шартты бекітілді.   

Талапкер С. сотқа жауапкер Д.-ға мүлікті бөлу туралы талап арызымен жүгінді. 

Алдын ала сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш түсірді.

Электр желісі бағанасының жолын бұзған жүргізушіне айыппұл тағылды

06/05/2016

Шарбақты аудандық сотымен аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 28 сәуірінде Шарбақты ауданының Шалдай ауылында жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсімен көлікті басқарған. Басқаруға ие бола алмай, электр желісінің темір бетонды бағанаға соқтыққан.

ЖКО нәтижесінде көлік пен электр желісінің бағанасы зақымдалған. «Павлодарская Распределительная Электросетевая компания» АҚ-на материалды шығын келтірілген.

Железин аудандық сотында колледж студентері үшін көрсеткіш сот отырысы өткізілді

06/05/2016

Железин аудандық сотында  судьясы Ғ.Ертаев «Железин аграрлы-техникалық колледжінің» студентері үшін  көрсеткіш сот отырысы өткізілді.  

Сотпен азамат М. қатысты әкімшілік  іс қаралды, ол осы жылдың 03 мамырда Железин ауылында азамат М. қоғамдық жерде алкогольді мас күйінде ортақ қолдану орнын ластаған, қоршаған ортаға құрметтемеушілік көрсетіп, осымен ұсақ бұзақылық жасаған.

Ертіс аудандық сотының ұжымы Отан қорғаушылар күнімен концентрациялық лагерьдің тұтқынын құттықтады

06/05/2016

Ертіс аудандық сотының ұжымы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында концентрациялық лагерьдің тұтқыны – Ертіс ауылының тұрғыны Николай Петрович Дубровниковты құттықтады. Ертіс аудандық соты төрағасы Ә.Нұрғалиев, судья Д.Нұржанова, кеңсе меңгерушісі Т.Мағауов мереке күні Н.Дубровниковқа ерекше ілтипатпен құрмет көрсетіп, сыйлықтар себетін табыс етті.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде нацистік Германия аумағында, оның одақтас елдерінде және басып алынған өңірлерінде 14 000 концентрациялық лагерлер жұмыс істеген.