Архив событий

12/05/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған сотының судьясы «Қазақстан-Павлодар» аймақтық телеарнасының журналистеріне сұхбат берді

12/05/2016

2016 жылдың 12 мамырында Павлодар қаласының мамандандырылған сотының судьясы Е.Мағзумов «Қазақстан-Павлодар» аймақтық телеарнасының журналистеріне сұхбат берді.

Өзінің сөз сөйлеуінде Е.Мағзумов «Мемлекет басшысының 100 нақты қадамын нәсілдік жоспарының бес институциональдық реформасын жүзеге асыру бойынша» әкімшілік соттың орындау нәтижесі туралы сұрақтарға жауап берді.Сондай-ақ, сотпен әкімшілік істерді қараған кезде татуластыру рәсімі белсенді қолданылатынын хабарлады.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік жазалардың бөлек түрлерінің орындалу тәртібі талқыланды

12/05/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы М.Григорьевпен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі» атты семинар сабағы өткізді.

Шарбақты аудандық сотымен сот орындаушыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

12/05/2016

«Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша - Ұлт жоспары 100 нақты қадам» 27 тармағын жүзеге асыру барысында Шарбақты аудандық сотымен  «Атқару құжаттарын сот орындаушыларына орындауға жолдау» тақырыбына сот орындаушыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Х.Сраилов, «Шарбақты ауданының әділет басқармасы» РММ басшысы А.Байзакова, жеке сот орындаушысы М.Айтуаров және Шарбақты аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Б.Оспанов қатысты.

Баланың ата-анасы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге ниет білдірді

12/05/2016

Талапкер Р.Раскин балалардың анасының қатысуынсыз, кәмелетке толмаған балалары 2013 жылы туған Асмина мен 2011 жылы туған Расулмен қатынасу тәртібі мен уақытын анықтау туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сот отырысында талапкер мен жауапкер төрағалық етуші судьяның қатысуымен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге қол қою жолымен дауды реттеу туралы кесім жасауға ниет білдірді.

Дауды бітімгершілік келісім арқылы реттеуіне байланысты атасы мен әжесі немересінің тәрбиесіне қатысалады

12/05/2016

2007 жылы туылған Павелдың ата-анасы бірнеше жылдар бойы атасы мен әжесіне немересімен кездесуге рұқсаттарын бермеген.

 «Павлодар ауданының білім бөлімі» ММ-де дауды алдын ала реттеуден нәтиже болған жоқ.

Ювеналдық сотқа арызбен жүгінгеннен кейін, тараптар сот отырысында құқықтары мен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім түсіндірілген. Тараптар медиация рәсімін іс жүргізген судьямен өткізуіне ниеттерін білдірді.

Ертіс ауданының тұрғыны ЖКО жерін тастағаны үшін жүргізу құқығынан айрылды

12/05/2016

Ертіс аудандық сотымен жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу фактісі бойынша азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 611-бабының екінші бөлігі бойынша - жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы.

Германия азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

12/05/2016

Железин аудандық сотымен    Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғаны және  ішкі істер органдарына  заңнамасымен белгіленген тіркелуге арналған  бес күнтізбелік күннен кейін, үш тәуліктен көп мерзімде тіркелмеген үшін Германия азаматы А. – ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сот отырысында А. кінәсін толығымен мойындап ішкі істер бөлімінде тіркелуге қажеттігін білмегенін түсіндірді.

Жол жүру ережесін бұзушы

12/05/2016

Май аудандық сотымен жүргізушімен көлік құралын бұзуға әкелген, жол жүрісі қауіпсіздігін бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 610 бірінші бөлімі)

 Іс материалдары бойынша, ол Lexus ES 350 автокөлігін Көктөбе ауылында басқара отырып, маңызы бір қиылысында С.-ның басқаруындағы ГАЗ 3102-121 мемлекеттік нөмірі  автокөлігіне жол бермей соқтығысқан. Соның нәтижесінде ГАЗ автокөлігі механикалық бұзылып, ал оның иесіне материалдық залал келтірілген.

Лебяжі аудандық сотында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша семинар өткізілді

12/05/2016

Лебяжі аудандық сотының төрағасы К.Султанов сот қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша семинарын өткізді. Онымен мемлекеттік қызметкер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануды белгіленді.

Павлодар облысының Качир аудандық сотында ірі көлемді алаяқтық фактісі бойынша үкім шығарылды

12/05/2016

Павлодар облысының Качир аудандық сотында ірі көлемді алаяқтық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2004 жылдың 24 маусымында бір ЖШС-тің директоры және құрылтайшысы Ш. өзінің жеке меншігіне мүліктік кешенді басқа ЖШС иемденген.(әрі қарай ЖШС-2). 

Лебяжі аудандық сотында Қазақстан инвестициялық саясатының тәжірибелік сұрақтарын жүзеге асыру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

12/05/2016

Павлодар облысы Лебяжі аудандық сотында «Сот ісін жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығы - бизнестің қарқынды дамуы мен инвестицияларды тартудың кепілі» тақырыбы бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы К.Сұлтанов, судья Б.Сабитденова, кеңсе менгерушісі Ж.Елубаев және сот мамандары қатысты.