Архив событий

26/05/2016

Ақтоғай аудандық сотында «Үкіметтік емес бірлестіктер қызметінде сот жүйесінің инновациялық технологияларын еңгізу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

26/05/2016

Ақтоғай аудандық сотында «Ақтоғай қорғау» ҚБ-нің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында іс-шара қатысушылары «Сот кабинеті» сервисі арқылы қолданысқа енген сот жүйесі технологияларын қолдану туралы ақпараттанған.

Мемлекеттік қызметшінің Этикасы» тақырыбында семинар өткізілді

26/05/2016

Баянауыл аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшінің этикасы» тақырыбында сот қызметкерлерімен семинар өткізілді.

Баяндамамен кеңсе меңгершісінің міндетін атқарушы Теміржан Д сөз сөйледі. Сот қызметкерлеріне кодекстің негізгі ережелері мәліметке жеткізілді.

Ювеналдық сотта 3 миллионнан аса теңге ұрланған үшін екі жасөспірім сотталған

26/05/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үлкен мөлшерде ұрлық жасау фактісі бойынша екі жасөспірімдерге қатысты үкім шығарылды (ҚК 188-бабының үшінші бөлігі).

Іс материалдары бойынша, 17 жасар М. мен 15 жасар В. жәбірленуші Ш.-нің кәмелетке толмаған қызымен таныс болған. Оларға жәбірленуші Ш. пәтерінде ақша қаражаты сақталғаны мәлім болған, содан ақшаны ұрлау ниеттері пайда болған.

Екібастұздың тұрғыны жарықтандыру таянышына соғылғаны үшін бес жылға басқару құқығынан айрылды

26/05/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен (жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруы мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) азамат Х. қатысты іс қаралды.

ӘҚБтК 608 бабының үшінші бөлігі бойынша – жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы, көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер.

Ауыл тұрғынынан металл сатып алған Железин ауылының тұрғыны сәйкес тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

26/05/2016

Павлодар облысының Железин аудандық сотымен ӘҚБтК 463-бабы  бірінші бөлігі (салық органында тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша азамат С.-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 04 мамырында жеке сұрақтар бойынша   тақырыптық салық тексерісі өтті. Тексеріс барысында, азамат С. жеке кәсіпкер ретінде салық органында тіркеусіз, ауыл тұрғандарынан қара және түсті металлды сатып алған. Тексеріс барысында, айқындалған қара металлдың көлемі 10 тонна 200 кг табылды, каулымен заттай дәлелдеме болып танылды.

Өткізу режимінің тәртібін зерделеу бойынша Май аудандық сотында семинар өткізілді

26/05/2016

Павлодар облысы Май аудандық сотының сот приставы С.Сейлханов, кеңсе меңгерушісінің, сот мамандарының және полицейлердің, атап айтқанда Павлодар облысының МКҚБ 3-ші ПБ-нің аға полициясы Р.Байпақовтың және полиция сержанты А.Жұмабековтың қатысуымен сот ғимаратына өткізу режимінің тәртібін зерделеу бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында сотқа келудің орнатылған тәртібін бақылауды жүзеге асыру, материалдық құны бар заттарды сот ғимаратынан шығару және кіргізу тәртібін күшейту болып табылады.