Архив событий

30/05/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Медиация» тақырыбына брифинг өткізілді

30/05/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Н. Есенжолов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен «Медиация» тақырыбына брифинг өткізді.

Төраға Н. Есенжолов  өз сөзінде, барлық өркениетті  елдерде дауды шешуде медиацияның атқарып отырған рөлі зор екендігін атап өтті.

2016 жылдың басынан Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен медиациялық келісім жасауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы барлығы 236 әкімшілік іс қаралды.

Железин ауылының тұрғыны жарықтандыру таянышына соғылғаны үшін бес жылға басқару құқығынан айрылды

30/05/2016

Железин ауданық сотымен  ӘҚБК 608 бабының 3 бөлігі бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы, мүлікті бүлдіру)  азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалы бойынша, 2016 жылдың 14 мамыр айында Г., алкогольдік масаң күйде «Audi 100» көлік құралын басқарды. Көлік құралын басқара алмай, металлды бағанаға соғылды. Жол-көлiк оқиғасы нәтижесінде «Железин с/о Аппарат әкімдігі» ММ-не материалды зиян келтірді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ДБЖ қолданумен сот отырысы хаттамаларын құрастыру бойынша семинар өткізілді

30/05/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Д.Мачульская «ДБЖ қолданумен сот отырысы хаттамаларын құрастыру» тақырыбында   сот мамандарымен семинар өткізді.

Семинар жұмысында қатысушылармен жұмыс барысында шығатын сұрақтар талқыланды. Д.Мачульская қысқа сот отырысы хаттамаларын құрастыру тәртібі туралы, сот талқылауы барысында дыбыс-бейне жазбасын қолдану туралы  түсіндірді.

Семинар барысында мамандарға  ұсыныстар берілді, қатысушылар өздерінің пікірлерімен алмасты.

Атқару парағын құрастырып жолдау туралы «Төрелік» ақпараттық жүйесінің қызметі бойынша қолдану Басшылығын» зерделеу семинары

30/05/2016

Качир аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Атқару парағын құрастырып жолдау туралы «Төрелік» ақпараттық жүйесінің қызметі бойынша қолдану Басшылығы» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Качир аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Джумабекова сот мамандары Л.Сахоненко, К.Бектурсынова, А.Глазко, Т.Сүлейменов қатысты.

Алимент төлемегені үшін сотпен қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды

30/05/2016

Шарбақты аудандық сотында 2012 жылдан бері кәмелетке толмаған баланы асырау үшін алимент өндіру туралы сот актісін орындамаған аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, қазіргі уақытта жұмысы жоқтығына байланысты алимент төлеуге мүмкіндігі жоқтығын түсіндірді.

Сот оны ӘҚБК 669-бабы бойынша (сот актiсiн орындамау) айыпты деп танып, оған бір тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Медиация тәртібінде отбасын сақтау

30/05/2016

Железин аудандық сотымен талапкер А-ның жауапкер И-ға некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарастырылды.

Талапкер А. жауапкер А-ға некені бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінді, ол өз талабында жұбайы отбасын ауыр материалдық жағдайға қоятынын түсіндірді. Қазіргі уақытта мінез-құлықтарының келіспеушілігіне байланысты бірге тұрмайды. Ортақ некеден екі баласы бар.

Сот отырысы барысында, отбасын сақтап қалу мақсатында және тауласуына байланысты тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу келісіміне келген.

Ертіс аудандық соты № 3 Ертіс орта білім беру мектебінің «Үміт» Қайырымдылық қоғам қорының өкілдер қатысуымен семинарлық оқыту өткізді

30/05/2016

Ертіс аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.Мағауов «Үміт» Қайырымдылық қоғамдық қоры мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодесі» тақырыбына семинарлық оқыту өткізілді.