Архив событий

23/05/2016

Баянауыл аудандық сотында кәсіби емес медиатордың көмегімен әкімшілік іс қысқартылды

23/05/2016

Баянауыл аудандық сотымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы Майқайын кентінің тұрғыны Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік хаттамаға сәйкес, азамат Ш. өзінің үйінде, жұбайына қатысты балағат сөздер айтқан.  

Әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын толтырып, оны сотқа жолдағаннан кейін, құқықбұзушы мен жәбірленуші кәсіби емес медиатордың көмегіне жүгінді.

Ертіс аудандық сотында медиатордың қатысуымен көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

23/05/2016

Ертіс аудандық сотында судья Д.Нұржанованың, Ертіс ауданының ІІД жол полициясы өкілдерімен, прокуратура және кәсіби емес медиатордың қатысуымен көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық тәжірибесіне қатысты семинар өткізілді. 

«Дөңгелек үстелдің» негізігі мақсаты жол полиция қызметкерлері арасында  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды  тиісті ресімдеу бойынша, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды тиісті емес құрғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу болып келді.

Баянауыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісімен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен көшпелі семинар өткізді

23/05/2016

Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Д.Теміржан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, «Сот кабинеті» сервисі жұмысымен халықты таныстыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша ХҚКО қызметкерлерімен семинар сабағын өткізді.

ХҚКО қызметкерлерімен орнында тікелей «Сот кабинеті» арқылы өтініш беру тәртібі, азаматтардың  жүгіну барысында туындайтын маңызды мәселелер талқыланды.

Железин аудандық сотымен жылдың басынан ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 28 әкімшілік іс қаралды

23/05/2016

Павлодар облысында Железин аудандық сотымен ағымдағы жылдың басынан ұсақ бұзақылық жасаған үшін жауапкершілікке тартылған тұлғаларға қатысты 28 әкімшілік іс қаралды ( ӘҚБтК 434 бабы).  

Павлодар облысының экономикалық сотында соттың мамандарымен мұрағат құжаттарын ресімдеу мәселелері бойынша семинар өткізілді

23/05/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Соттардың қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасы» тақырыбына сот мамандарымен семинар  оқуы  өткізілді.

Шарбақты аудандық сотында мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті

23/05/2016

Шарбақты аудандық сотымен мемлекеттік емес ұйым өкілі кәсіби емес медиатор К.Жанайдаровтың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Кездесу барысында қатысушылар «Медиация туралы» Заңы мен ауылдық округтерде кәсіби емес медиаторлардың жұмысын талқылады.

Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар дауаларды медиация тәртібінде шешу туралы жергілікті халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын өткізу шешіміне келді.

Мердігерлік шарты бойынша қарызды өндіріп алу туралы іс бойынша тараптар бітімгерлік келісімін бекітті

23/05/2016

Павлодар қалалық сотында азаматша М.-нің жауапкер К.-дан мердігерлік шарт бойынша қарызды және келтірген шығынды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

М. талап арызында соттан 2015 жылдың 05 қыркүйекте жасалған мердігерлік келісім шарт бойынша 420 000 теңге мөлшерінде қарыз соммасын, өсімді, шығынды, сот шығындарын, барлығы 1 113 020 теңгені өндіріп беруді сұрады.

Екібастұз қаласының тұрғыны көшеде балапыт сөйлегені үшін жауапкершілікке тартылды

23/05/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша азамат О.-ға қатысты іс қаралды (ӘҚБтК 434 бабының екінші бөлігі).  

Сотпен 2016 жылдың 27 наурызында О. алкогольдік мас күйінде қоғамдық орында бола тұра,  Екібастұз қаласында үйдің жанында азаматша Г. атына былапыт сөйледі.  

Бұзумен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуымен қысқартылыды

23/05/2016

Павлодар аудандық сотымен бұзумен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 14 желтоқсанында сағат 18.00-де сотталушы М. Павлодар ауданында орналасқан ауылдарының бірінде бола тұра, бұзу жолымен тұрғын үйге кіріп, содан «Daewoo» модельді теледидарын ұрлаған. Сотталушы М. өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленуші З.-қа 15 000 теңге соммасына материалдық шығын  келтірді.