Архив событий

18/05/2016

Жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

18/05/2016

Павлодар аудандық сотымен сәйкес рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 24 ақпанында жеке кәсіпкер М. жол бойындағы кафесінде сәйкес лицензиясыз алкогольдік өнімдер анықталған.

Сот отырысына М. құқық бұзушылық кінәсін толық мойындап, шынында алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясының болмағанын түсіндірді.

Ертіс аудандық сотымен кәсіби емес медиатордың қатысуымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қысқартылды

18/05/2016

Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиевпен  қоймаға заңсыз кіру жолымен жасырын түрде бөтен мүлікті ұрлау фактісі бойынша ашық сот отырысында қылмыстық істі қаралды (ҚК 188 бабының екінші бөлігінің 3 тармағы). Істі қарау барасында «Иртыш» аудандық газетінің өкілдері қатысты.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылғы 23 сәуірде азамат Б.  Ертіс ауылының бұрынғы Сыра зауытының аумағында орналасқан жайдан заңсыз кіру жолымен жасырын түрде 7200 теңге сомасына мүлікті ұрлап, азаматша М. материалдық залал келтірген.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы өкілімен «дөңгелек үстел» өткізілді

18/05/2016

Іс-шара Павлолдар қаласының базалық мамандандырылған әкімшілік сотында судьясы М.Майсаканованың, «Павлодар қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының» маманы З.Садвакасованың, қала прокурорының көмекшісі Ж. Абилмажинованың, көлік прокуратурасының прокуроры К. Бекетовтың қатысуымен өтті.

Әкімшілік құқықбұзушылық хаттамаларды құрастыру сапасы бойынша  баяндамамен судья М.Майсаканов сөз сөйледі.

Іс-шарада хаттамаларды құрастыру сапасы бойынша кең шеңберінде өзекті мәселелерді жандана талқылауға әкелді.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың 2016 жылдың басында көші-қон аясындағы заңнаманы бұзу

18/05/2016

Павлодар облысында Железин аудандық сотымен ағымдағы жылдың басынан халық көші-қон аясында ҚР Заңнамасын бұзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты 53 әкімшілік іс қаралды.
Сотпен жоғарыда көрсетілген тұлғалар мерзімнен аса ішкі істер органдарында тіркеусіз, тіркелу кезінде белгіленген мерзімде тұру мекен-жайын бұзған немесе жұмысқа тұру рұқсатын алусыз еңбек қызметін жүзеге асырған Қазақстан Республикасында болу құқығын бұзған.

Ертіс аудандық сотымен жеке меншікке қарсы қылмыстарға талдау жасалды

18/05/2016

Ертіс аудандық сотының судьясы А.Нұрғалиевпен бұқаралық ақпарат құралдары, прокуратура органдары өкілдерінің, адвокаттардың қатысуымен сотпен қарастырылған жеке меншікке қарсы қылмыстық істер қарау бойынша брифинг өткізілді.

Сот төрағасы А.Нұрғалиев өткен мерзім бойынша сотпен қарастырылған қылмыстық істердің санын, сотпен шығарылған үкімдердің санын және қаулылардың, жеке қаулылардың қарастыру нәтижелерін көрсетумен ұқсас анықтамамен сөз сөйледі.

Павлодарда жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін лауазымды тұлғалар сотталды

18/05/2016

Павлодар қаласының №2 сотында нашақорлық орталығының директоры мен дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, И. «Нашақорлық медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы" РМҚК-ның директоры 2015 жылдың шілде айынан бастап бірнеше қатар мемлекеттік сатып алу шарттарын жасап, сол шарттарға кедергіссіз қол қойы жалпы шарт соммасынан 10 пайыз ақшалай пара алған.