Архив событий

27/05/2016

Железин ауданының тұрғыны алимент төлемегені үшін қамауға алынды

27/05/2016

Павлодар облысы Железин аудандық сотымен құқықбұзушы Д-ға қатысты сот шешімін орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 669 бабы)

Іс материалдарына сәйкес, азамат Д. кәмелетке толмаған баласын асырауына алимент өндіртіп алу туралы 2013  жылдың 22 қарашадағы сот бұйрығын орындамаған, ол бойынша берешек 828 291 тенгені құраған.

Сот отырысында, азамат Д. өз кінәсін толық мойындап, жұмыстың болмауынан және материалды қыйыншылықтар болғандықтан алиментті төлемегенін түсіндірді.

Ертіс аудандық соты «Үміт» даму қайырымдылық қоғамдық қоры өкілінің қатысуымен семинар өткізді

27/05/2016

Ертіс аудан сотының судьясы Д.Нұржанова кеңсе меңгерушісі Т. Мағауовтың, № 3 Ертіс орта білім беру мектебінің «Үміт» даму қайырымдылық қоғамдық қоры өкілінің және сот мамандарының қатысуымен «КазТЕСТ жүйесі» тақырыбына семинар оқуы өткізді. 

Осы жүйеге сәйкес мемлекеттік қызметкерлерді тест жүргізу тәртібімен, қазақ тілін оқыту мемлекеттік бағдарламасымен таныстыру, КазТЕСТ оқыту жүйесін түсіндіру шараның мақсаты болып табылады.

Командирдің бұйрығын орындамағаны үшін гаупвахтаға 8 тәулікке қамаққа алу тағайындалды

27/05/2016

Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы М.Майсақановпен көшпелі сот отырысында әскери қызметші С.-қа қатысты  іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2016 жылдың 13 сәуір айында сағат 21:30 минут шамасында қатардағы С. бақылау тексеріс өткізу кезінде № 5512 әскери бөлімінің взвод командирінің белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындамаған.

Ақтоғай аудандық сотында жаңа Еңбек кодексінің қағидасын талқылап өтті

27/05/2016

Ақтоғай аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Жаңа Еңбек кодексі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға судьялар, сот мамандары, «Білім саласы қызметкерлерінің Ақтоғай аудынының кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрайымы М.Абдрахманова қатысты.

Кездесу барысында М. Абдрахманова қатысушыларды еңбекпен қамту және еңбек келісім – шартын жасау нормаларымен таныстырды.

Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» қатысушылары өзекті мәселерді талқылап, өздерінің пікірлерімен бөлісті.

Ертіс аудандық сотының төрағасы «Бейбітшілік» қоғадық қордың өкілдерімен қатысты

27/05/2016

Ертіс аудандық сот төрағасы Ә.Нұрғалиев аудандық сот жұмысының ашықтығы мен қол жетімдігінің мақсатында тығыз әрекеттесу мәселелері бойынша «Бейбітшілік» ҚҚ өкілі А.Идрисовпен кездесу өткізді. Сондай-ақ, брифингке судья Д.Нұржанова қатысты.

Ертіс аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің көмегімен сот органдарына хаттарды жолдау бойынша оқыту семинары өткізілді

27/05/2016

Ертіс аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.Мағауовпен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы сот органдарына хаттарды жолдау» тақырыбына сабақ өткізілді, оған  «Бейбітшілік» ҚҚ-ның өкілі А.Идрисова қатысты.

Көршісінен қаз бен бөрене ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

27/05/2016

Железин аудандық сотымен ұсақ-түйек жымқыру, заңсыз кірумен ұрлық жасау фактісі бойынша Ф. қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 187 бабының бірінші бөлігі, ҚК 188 бабының екінші бөлігі, үшінші тармағы).

Іс материалдарына сәйкес, Ф. 05 ақпанында түңгі уақытта жәбірленуші А-ның үйінің шаруашылық аланына кіріп, бір қазды ұрлап алып, оған  5000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген. 14 ақпан күні сағат 22.00 шамасында жәбірленуші А-дан бір неше қайын бөренесін ұрлап, оған 1500 теңге соммасына зиян келтірді.    

Ресей азаматшасы миграциялық заңнама бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

27/05/2016

Железин аудандық сотымен бес күнтізбелік күн өткеннен кейін үш тәуліктен аса мерзімде ішкі істер органында тіркеусіз Қазақстан Республика аумағында болған Ресей Федерациясы азаматы М.Флеркоға қатысты ӘҚБтК 517 бабының екінші бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды. Осылайша халық көші-қон облысында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында М.Флерко кінәсін толығымен мойындап және жасаған ісіне өкінді. 

Ертіс аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесімен танысу бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

27/05/2016

Ертіс аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.Мағауовпен «Бейбітшілік» ҚК өкілдерін «Төрелік» ақпараттық жүйесі қызметімен таныстыру бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Семинарда баяндамашы Т.Мағауовпен «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша тиісті нұсқаулық хабарланып, түсінік берілді, пайдалануға енгізілген  «Төрелік» бағдарламасы сот жүйесінде ашықтық пен қол жетімділікті жоғарылататынын және жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал жасайтындығын атап өтті.