Архив событий

07/06/2016

Моральдық және материалдық зиянды өтеген Павлодар ауданының тұрғыны жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

07/06/2016

Павлодар аудандық сотымен ҚК 345-бабының екінші бөлігі бойынша - жол жүру ережесін бұзу салдарынан абайсыздан адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру бойынша айыпталған Павлодар ауданындағы ауылдарының бір тұрғыны азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Павлодар ауданының тұрғыны 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

07/06/2016

Павлодар аудандық сотымен  жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқару фактісі бойынша азамат А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат А. 2016 жылғы 23 қаңтарында сағат 03 шамасында, Қазақстан Республикасы Жол жүру ережесін бұзумен, Павлодар ауданының бір ауылында, алкогольдік масаң күйінде «Ваз 21061» маркалы көлік құралын басқарған.

Сот отырысында азамат А. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындады. Жасаған әрекетіне өкінді.

Павлодар қалалық сотымен қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды

07/06/2016

Павлодар қалалық сотымен ЖШС-нің А. және Г.-дан қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап апрызы бойынша  азаматтық іс қаралды.  

Талапкер өзінің талап арызында жауапкер А.-ға ақылық, шұғылдылық, қайтарымдылық міндеті бойынша 400 000 теңге көлемінде микро несие ұсынғанын дәлелдеген. Қарызды қайтарылу кепілі жауапкер Г.-мен қамтамасыз етілгенін, алайда жауапкер А.-мен міндеммелер орындалмағандығын, сол себепті жауапкерлер А. және Г.дан берешекті өндіріп беруді сұраған.     

Железин ауданының тұрғыны қоғамға сыйламаушылық көрсеткен үшін қамаққа алынды

07/06/2016

Павлодар  облысының Железин аудандық сотынмен ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша азамат В.қатысты әкімшілік іс қаралды( 434-бабының 1-бөлігі бойынша).

Іс материалдары бойынша, В. Железин орталық аудандық ауруханасының ғимаратында алкогольді масаң күйінде болып,   полиция қызметкерлері атына балағаттайтын дөрекі сөздер айтқан. Осындай әрекетімен қоғамға сыйламаушылық көрсетіп, жеке тұлғалардың тыныштығын және қоғамдық тәртібін бұзған. 

Сот отырысында В. құқықбұзушылық жасаған жағыдайға дауласқан жоқ.

Өзбекстанның азаматы көші-қон заңнамасын бұзған үшін Қазақстан Республикасы шегiнен әкімшілік жолмен шығарылды

07/06/2016

Железин аудандық сотымен Өзбекстан Республикасының азаматы Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, Р. бес күнтізбелік күннен кейін үш тәуліктен аса мерзімде ішкі істер органдарында тіркелусіз Қазақстан аумағында болған, осыған сәйкес халық көші-қон облысында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында Р. кінәсін толығымен мойындап, Қазақстан аумағына 2015 жылы келгенін, бірақ миграциялық картасын жоғалтып алғанына байланысты ұзақ уақыт ішкі істер бөлімінде тіркелмегенін түсіндірді.  

Ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/06/2016

Железин аудандық сотымен бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру фактісі бойынша айыпталған азамат Д.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі).

Іс материалдарын сәйкес, сотталушы Д. 2016 жылдың 20 наурызында жәбірленуші М-ның үйінде бола тұра, үй иесінің болмауын пайдаланып, кеудешенің қалтасынан 25 000 теңге ақшалай қаражатты ұрлады.     

 Сотқа ұсынылған медиациялық келісімге сәйкес, Д. мен М., медиация тәртібінде татуласты. Жәбірленуші сотталушы Д.-ға талап қойған жоқ, келтірілен шығын өтелді.

Сотпен Ақсу қаласы кәсіпорынынан адамдар тобымен бірнеше рет ұрлық және қарақшылық жасау фактісі бойынша іс қаралды

07/06/2016

Ақсу қалалық сотымен адамдар тобымен бірнеше рет ұрлық және қарақшылық жасау фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, 1-ші қаңтардан бастап 2015 жылдың желтоқсан айы аралығында 24 жастағы В.Агафонов, Т.Давлетбиев, П.Писегов және 20 жастағы Е. Давальченко алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен 5 030 300 теңге ортақ сомасына Ақсу қаласы кәсіпорын аумағынан ұрлық жасаған.

Май аудандық сотында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша семинар өткізілді

07/06/2016

Май аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі К.Тоқсамбаева «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтінін айтып, осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарға, заңның негізгі принциптеріне тоқталды.

Теміржол вокзалында петарда жарған Шарбақты ауданының тұрғыны сотпен айыппұлға тартылды

07/06/2016

Шарбақты аудандық сотымен теміржол вокзалында пиротехникалық заттарды жару фактісі бойынша 1986 жылы туған Шарбақты ауданының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материаалдары бойынша, 2016 жылғы сәуір айында Шарбақты ауылының тұрғыны сағат 4.00 шамасында Павлодар станциясының теміржол вокзалы перронында петарда жарылғыш затын жарған, осындай әрекетімен жеке тұлғалардың тыныштығын, орнатылған тәртіпті бұзған. 

Павлодар облысының судьялары Шығыс өңір бойынша Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының VIII спартакиадасына қатысты

07/06/2016

2016 жылы маусымның 3-4 күндері Өскемен қаласына Қазақстан Республикасы судьялар Одағының Шығыс өңірі бойынша VIII спартакиадасы  өтті.

Аталған жарысқа Қарағанды, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облысы сотарының құрама командаларының судьялары қатысты.

Белгіленген екі күн ішінде қатысушылар спорттық ойындардың 6 түрінен: футбол, стол тенисі, шахмат, шашка және бильярдтан өзара күш сынасты.