Архив событий

03/06/2016

Качир аудандық сотының төрағасы аудан аумағында медиацияны дамыту мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы » ҚБ-нің өкілдерімен кездесу өткізді

03/06/2016

Качир аудандық сотында  аудан аумағында медиацияны дамыту мәселелері бойынша  «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Качир  қоғамдық бірлестік филиалының өкілі Л.Балютинамен Качир аудандық сотының төрағасы М.Араповпен кездесу өткізілді.

Сот төрағасы М.Арапов өзінің сөз сөйлеуінде халыққа медиация туралы заңды қолдану бойынша халыққа түсінік беру қажеттілігіне назар аударды. Қатысушылар Качир ауданы бойынша кәсіби емес медиаторлардың тізімімен таныстырылды.

Ертіс аудандық сотымен сот актілерін орындау мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

03/06/2016

Ертіс аудандық сотының төрағасы Ә.Нұрғалиевпен судья Д.Нуржанова, прокурор А.Абильдина және Ертіс ауданы аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы - жетекшісі Г.Сарсенбаеваның қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасы Ә. Нұрғалиев сот актісінің нақты орындауынсыз әділ сот талқылауының барлық принциптерінің маңызы жойылатынын белгілеп өтті.

Іс-шарада қасақана орындамаушыларға қатысты орындау түйіні, сондай-ақ «сот орындаушылар мәртебесі мен атқарушылық іс жүргізу» Заңын қолдану талқыланды.

Павлодар қалалық сотымен еңбек қатынастарының бар екенін анықтау, қайғылы оқиғаны тіркеу және тергеуді ұйымдастыру міндеттілігі туралы іс қаралды

03/06/2016

Павлодар қалалық сотымен азамат М.-ның жауапкер «Павлодар жеңіл құрылым заводы» ЖШС-не, талап арызға өз бетінше талап етпейтін үшінші тұлғаларды қатыстырумен «Алюминий Қазақстан» АҚ, «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ-не еңбек қатынастарының бар екенін, қайғылы оқиғаны тіркеуге міндеттеу, уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемді төлеу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Алимент төлемеуден әдейі жалтараушы

03/06/2016

Шарбақты аудандық сотымен 2008 жылдан бастап 2002 жылы туған ұлын асырауға алиментті өндіріп алу туралы сот актісін орындамаған аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, алимент бойынша қарыздан бас тартпайтынын түсіндірді. Уақытша жұмыс істемегендігіне байланысты алимент төлеуге мүмкіндігі жоқ.

Сот оны ӘҚБтК 669-бабы бойынша (сот шешімін орындамау) айыпты деп танып, бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады.

Железин аудандық сотымен бұрынғы жол полиция сержантына қатысты үкім шығарылды

03/06/2016

Железин аудандық сотымен Железин ауданының ІІБ жол патрульдік полиция қызметкері аға сержанті болып істеген Т-ға. қатысты жалған айғақтар беру фактісі бойынша  келісімдік іс жүргізу тәртібінде қылмыстық іс қаралды.  

Алиментті төлемеген үшін қамаққа алу

03/06/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен атқару құжатын орындамау фактісі бойынша іс қаралды.

Іс бойынша анықталғаны, азамат М. 2007 жылы туған баласын асырауға С.-ның пайдасына алиментті өндіріп алу туралы 2009 жылы  шілденің 09 күні шығарылған Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотының сот бұйрығы негізінде берілген атқару құжаты талабын ұзақ мерзім ішінде орындамағаны және 846 318 теңге соммасына қарызы бар екені анықталған.

Ертіс ауданының тұрғыны автовокзалда дөрекі сөзбен балағаттаған үшін 3 тәуілікке қамауға алынды

03/06/2016

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нуржановамен ӘҚБтК 434 бабының бірінші бөлігі бойынша Н. қатысты әкімшілік істі қарау бойынша прокурордың қатысуымен ашық сот отырысы өткізілді (ұсақ бұзақылық, қоғамдық жерлерде балағат сөздер айту).

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 07 мамырында Ертіс ауылының автовокзалында Н. жеке жүк тасушылықпен айналысатын С. атына балағат сөздер айтқан.

Сот отырысында Н. өз кінәсін толық мойындады.