Архив событий

18/06/2016

Ювеналдық сотта балаларға қатысты даулар бойынша істерді қарау ерекшелігі талқыланды

18/06/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Балаларға қатысты даулар бойынша азаматтық істерді қарау ерекшелігі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға «Көп балалы аналар қауымдастығы» Қоғамдық қорының президенті Л.Афанасова, қаланың  Білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқорлық секторының бас маманы З.Бек және соттың судьялары  қатысты.

Павлодар аудандық сотында дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану саласын кеңейту мәселесі бойынша кеңес өткізілді

18/06/2016

Павлодар аудандық сотымен Павлодар облысы бойынша «Медиация дамыту орталығы» ҚБ кәсіби медиаторы А.Иманғалимен дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану саласын кеңейту мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Заңсыз алынған мемлекеттік жәрдемақы

18/06/2016

Шарбақты аудандық сотымен  "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті" РММ-нің заңсыз алынған мемлекеттік жәрдемақы сомасын өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша 3 азаматтық іс қараусыз қалдырылды.

Успен аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

18/06/2016

Успен ауылында «Нұр Отан» аудандық партиясының ғимаратында диалог алаңында Успен аудандық сотының төрағасы Г.Мұхаметкалиевамен және кеңсе меңгерушісі Д.Чупринмен  «Нұр–ана-әлемі» қоғамдық бірлестік филиалының өкілдерімен, «Жасталап» ҚБ үкіметтік емес ұйымдарының, ауыл студентерімен, жастар өкілдерінің қатысуымен «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Павлодар қаласының Орталық жағалауын лаустау фактілері бойынша әкімшілік істер қаралды

18/06/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК 434-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды (ұсақ бұзақылық).

Іс материалдарына сәйкес, Н. Орталық жағалауда ортақ пайдалану орындарын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, темекі шегіп, оны тұқылын жерге тастады.

Сот қаулысымен Н. 1 тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу жазасына тартылды.