Архив событий

14/06/2016

Павлодар облыстық сотында мемлекеттік қызметті өту мәселесі бойынша семинар өткізілді

14/06/2016

Бүгін Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлерді басқару Бөлімімен (кадір қызметімен) облыстың сот қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызметті өтудің кейбір мәселелері» тақырыбына Павлодар облысының мемлекеттік қызмет істері бойынша Департамент Министірлігі басқармасының басшылары Гүлмира Кабиеваның және Ардақ Балғожинның қатысуымен семинар өтті.

Қонақтар слайдттарды көрсетумен жемқолыққа қарсы әрекет және мемлекеттік қызметтен өтудің негізгі мәселелері бойынша айтып өтті.

Ата-ананың міндетін орындамаған үшін Павлодар қаласының тұрғыны үш тәулікке қамаққа алынды

14/06/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қайталанып жасал, баланы тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерді орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 127-бабының екінші бөлігі).

Іс материалдары бойынша, 8 жасар Земфираның әкесі әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде екінші рет оның тәрбиесімен және оқуымен айналыспай, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланған.

Сотпен Шарбақты ауданының тұрғыны «Художник» кооперативінде жұмыс жасаған фактісі анықталды

14/06/2016

Шарбақты аудандық сотымен жұмыс жасаған заңды фактісін анықтау туралы аудан тұрғынының арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Арызданушы еңбек кітапшасында оның 1990 жылы «Художник» кооперативінен жұмыстан босатылғаны туралы жазбаның болмауы және  жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығару жылы дұрыс көрсетілмегеніне байланысты сотқа жүгінген. Осыған байланысты, жасы бойынша зейнетақыны рәсімдеу үшін өзінің жұмыс өтілін растай алмай отыр.

Шарбақты аудандық сотында «Дижан» қоғамдық бірлестігі төрағасының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

14/06/2016

Шарбақты аудандық сотымен «Дижан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.Калыбаевпен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Д.Калыбаев сот қызметкерлеріне 18 жасқа толмаған психоневрологиялық ауытқулармен ауыратын балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын қоғамдық қордың қызметі туралы айтып өтті. Бірлестік 18 жасқа толмаған психоневрологиялық патологиясымен ауыратын балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен  айналысады.  Барлығы Шарбақты ауданы бойынша аталған қордан 19 адам көмек алған.

Мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды

14/06/2016

Железин аудандық сотымен  сотталған Т. қатысты ауданының пробация қызметіның ұсынысы бойынша сотпен тағайындалған жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы материалы қаралды.

2014 жылдың 20 мамырындағы Железин аудандық сотының үкімімен Т. ҚК 178 бабы екінші бөлігінің «в,г» тармақтары (ұрлық) бойынша барлық мерзімге пробациялық бақылауды белгілеумен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Ертіс аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арыздарды жолдау бойынша семинар өткізілді

14/06/2016

Ертіс аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.Мағауовпен прокуратура, «Үміт» қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы талап арыздарды жолдау» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар жүргізу барысында кеңсе меңгерушісі Т. Мағауов, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі жеке және заңды тұлғалардың сотқа электронды түрде талап арыздарды, сондай-ақ басқа кез келген құжаттарды тапсыруға мүмкіндік береді, осының бәрі сотқа жүгінуді жеңілдетеді.

Қой ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

14/06/2016

Железин аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша С.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 188 бабының бірінші бөлігі).   

Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылдың қыркүйек айында шаруа қожалығының  қойшысы С. жәбірленуші Ш-ға тиесілі екі қойын ұрлап, 30 000 теңге мөлшерінде зиян келтірген.   

Сотқа ұсынылған медиациялық келісімге сәйкес, С. мен Ш. медиация тәртібінде татуласты.Сотталушымен келтірілген зиян өтелді.

Качир аудандық сотында сотқа қатысушыларды хабарландыру мәселелері бойынша семинар өткізілді

14/06/2016

Качир аудандық сотында «тараптарды хабарландыру бойынша» «Төрелік» ақпараттық жүйесін жұмыста қолдану жөніндегі Басшылығын зерделеу» тақырыбына сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Семинарға сот кеңсесінің меңгерушісі Д.Джумабекова және сот мамандары қатысты.

Баланың тәрбиесі бойынша міндеттерді орындамаған үшін Качир ауданының тұрғыны жауапкершілікке тартылды

14/06/2016

Качир аудандық сотында баланың тәрбиесі мен оқуы бойынша ата- ананың міндеттерін орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 127 бабының бірінші бөлігі).

Іс материалдары бойынша, 2001 жылы туған ұлы бар 42 жасар азаматша И. оның  тәрбиесі мен оқуы бойынша ата-аналық  міндеттерді орындамайды. 

Павлодар облыстық сотының төрағасына судьялар атына алғыс хат түсті

14/06/2016

Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұловтың атына Екібастұз қаласының тұрғыны Е.Рязановтан алғыс хат түсті, ол өзінің хатында судьяларға- Екібастұз қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.Қалдаровқа және облыстық соттың судьясы Г.Сағиденовқа шын алғысын білдіреді.

Медиация тәртібінді отбасын сақтау

14/06/2016

Железин аудандық сотымен талапкер Ж-ның жауапкер Ж-ға некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талап арызында оның жұбайы негізсіз қызғаныш себептерден жанжал шығаратынын айтып өтті. Қазіргі уақытта екеуі бөлек тұрады, ортақ некеден екі балалары бар.

Сот отырысы барысында, тауласуына байланысты және алдағы уақытта отбасын сақтап қалу мақсатында, тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу келісіміне келді.