Архив событий

06/06/2016

Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін Ертістің тұрғыны 30 тәулікке қамаққа алуға тартылды

06/06/2016

Ертіс аудандық сотының судьясымен ӘҚБтК 608 бабының жетінші бөлігі – Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқаруы, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасау бойынша ашық сот отырысында әкімшілік іс қаралды. Іс жүргізу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты («Ертіс» ауданының газеті).

Алдағы уақытта мас күйінде көлік құралын басқарған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған О. жүргізу куәлігі болмай қайта мас күйінде мотоциклды басқаруға отырған. 

Өз жиенін балағаттаған ер адамға қатысты іс медиация тәртібінде қысқартылды

06/06/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК 73- бабының бірінші бөлігі бойынша «құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту» бабы бойынша С.-ға қатысты іс қаралды.

Істі талқылау барысында азамат С. өзінің пәтерінде  алкогольді мас күйінде бола тұра өзінің жиені Т-қа себепсіз жанжал ашқаны анықталды.  Оның атына былапыттап сөйлеп, тіл тигізді.

Сапасы сәйкес келмейтін тауарды ауыстыру туралы іс бойынша сотпен бітімгерлік келісімі бекітілді

06/06/2016

Павлодар қалалық сотында талапкер М.-ның «П» ЖШС құрылыс дүкеніне сапасы сәйкес келмейтін тауарды ауыстыру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс   қаралды. 

Істі сотқа дайындау барысында тараптар татуласу келісімін бекіту бойынша өтінішхатпен жүгінді.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді, оның шарттары бойынша жауапкер 2015 жылдың желтоқсан айында талапкермен сатып алынған 17 400 теңге құны бар есікті ұқсас жаңа есікке ауыстыруға міндеттенді.

Ертіс аудандық сотында «Қылмыстық іс жүргізуде сотпен медиацияны қолдану» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

06/06/2016

Ертіс аудандық сотының төрағасы Ә.Нұрғалиевпен «Қылмыстық іс жүргізуде сотпен медиацияны қолдану» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға судья Д.Нұржанова, аудандық соттың қызметкерлері, «Бейбітшілік» ҚҚ-ның үкіметтік емес ұйымының өкілі А.Идрисов қатысты.

Өз сөзінде Ә.Нұрғалиев сотпен қылмыстық іс жүргізуде татуластыру рәсімін қолдану бойынша белсенді жұмыс өткізілетінін белгілеп өтті.