Архив событий

15/06/2016

Тараптар ата-ана құқығынан айыру туралы іс бойынша медиациялық келісім жасада

15/06/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйғарымымен, судьяның татуласу рәсімін өткізу кезінде кәмелетке толмағандардың ата-анасы арасында медиация тәртібінде дауды реттеу бойынша келісім бекітілді.

Тараптармен әкелікті анықтау туралы іс бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасады

15/06/2016

 Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйғарымымен баланың анасы және болжамды әкісі арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу келісімі бекітілді.

Качир аудандық сотымен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы іс қаралды

15/06/2016

Талапкер Р. жауапкер  Б.-ға ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісімге келді және бітімгершілік келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды сұрады.

Деңсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, жәбірленушінің өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

15/06/2016

Павлодар облысы Павлодар аудандық сотымен ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша-деңсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсыздан жәбірленушінің өліміне әкеп соғу туралы келісім бойынша қылмыстық іс қаралды.

Қазақстан Республикасында болу құқығын бұзу

15/06/2016

Шарбақты аудандық сотымен белгіленген мерзімде кетуден жалтарау фактісі бойынша 1984 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, С. 2016 жылғы сәуір айының соңында Екібастұз қаласына ата-анасына қонаққа келген. Қазақстан Республикасында болу Қағидасын білмегендіктен белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетпеген.

Сот отырысында С. Ресей Федерациясының Барнауыл қаласында тұратынын түсіндірді. 

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жолданды

15/06/2016

Май аудандық сотында Павлодар облысы әкімдігінің деңсаулық сақтау Басқармасының «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Май аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының азамат А.-ға маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Тараптар баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы іс бойынша медиациялық келісім жасады

15/06/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйғарымымен судьяның татуласу рәсімін өткізу кезінде кәмелетке толмағанның ата-анасы арасында медиация тәртібінде дауды реттеу бойынша келісім бекітілді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өткізу режимі мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

15/06/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот ғимаратында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Оған Павлодар облысының МКҚБ 2-ші ПБ полиция подполковнигі Ж.Бейсембаев, взвод командирі полиция лейтенанті С.Сапарбеков, сот төрағасы Г.Қалдаров, кеңсе меңгерушісі Д.Кокышева қатысты.