Архив событий

10/06/2016

Железин аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

10/06/2016

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  Железин аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы Ғ.Ертаевтің қабылдауына Железин ауылының тұрғыны Б.А.Уралова берешекті өндіртіп алу  мәселесі бойынша жүгінді.

Азамат Б.А.Ураловаға колданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берілді.

Железин ауданының тұрғаны заңсыз балық аулау үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

10/06/2016

Железин аудандық сотында балық аулау қағидаларын өрескел бұзу фактісі бойынша аудан ауылдарының бір тұрғыны Т.-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды (ӘҚБтК-нің 383- бабының 3-бөлігі).

Іс материалы бойынша, заңсыз балық аулау рейдтік іс-шарасы өткізілген кезде 2016 жылғы мамырдың 27-сі күні  08:00 сағат шамасында,  Ертіс көлінің жағасында  Т. ұсталды,  ол   заңда тыйым салынған мерзімде, тыйым салынған қарумен балық аулаған.

Ақсу қалалық сотында медиация тәртібінде дауларды шешу және оларды рәсімдеу мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

10/06/2016

Ақсу қалалық сотында дауды медиация арқылы шешу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіруге арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ақсу қалалық сот төрағаcының м.а. Б.Хамзин, сот судьялары С.Сабабаева, С. Досыбаева, Евгеньевка ауылдық округінің әкімі Т.Бейсенбаева, Қалқаман ауылдық округі әкімінің көмекшісі С. Кульшарипова, Мамаит Омаров ауылдық округі әкімінің көмекшісі А. Кұстаулетова, Қызылжар ауылдық округінің әкім көмекшісі А.Қылышбеков, Достық ауылдық округінің әкім көмекшісі Н.Мусабеков қатысты. 

«Апелляциялық сатылар бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесінде жұмыс бойынша қолдану Басшылығын зерделеу» тақырыбына семинар

10/06/2016

Качир аудандық сотында «Апелляциялық сатылар  бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесінде жұмыс бойынша қолдану Басшылығын зерделеу» тақырыбына сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Семинарға сот кеңсесінің меңгерушісі Д.Джумабекова, сот мамандары Л.Сахоненко, К.Бектурсынова, А.Глазко, Т.Сүлейменов қатысты.

Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы семинар сабағы өткізілді

10/06/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыбына семинар өткізілді.

Аталған семинарға соттың судьялары мен сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Д.Кокышева, семинардың қатысушыларына  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін, сондай-ақ өтініштерді тіркеу мен  тапсыру және қарау мерзімдері түсіндірді.

Лебяжі аудандық сотында «Күзет» қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

10/06/2016

Лебяжі аудандық сотында Павлодар облысының МКҚБ 1-ші ПБ полицейлерінің және сот мамандарының қатысуымен «Террористік акті қаупі кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті және әкімшілік ғимараттарына кіргізу және ішкі объектілік режимінің тәртібін сақтау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Ақтоғай аудандық сотында еңбек тәртібін сақтау және моральдық-әдептілік бейнесі талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді

10/06/2016

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, соған байланысты мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Осы орайда, Ақтоғай аудандық сотында мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар мен еңбек тәртібін сақтау мақсатында семинар өткізілді.

Качир аудандық сотында ауданда медиацияны дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

10/06/2016

Качир аудандық сотында сот төрағасы М.Араповтың, «Қазахстан Республикасы ардагерлер ұйымы» ҚБ  филиалының төрайымы Л.Балютинаның және Качир аудан орталығының бірінші ардагерлер ұйымының төрағаларының қатысуымен  «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» аудан аумағында медиацияны дамытуға және ардагерлердің кәсіптік емес медиаторлар қатарына өтуіне арналды.

Облыстың экономикалық сотында кәсіби медиаторлардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтізілді

10/06/2016

Бітімгершілік рәсім институтын дамыту және насихаттау мақсатында Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық сотында Павлодар облысы бойынша «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ кәсіби медиаторлары мен судьяларының қатысуымен «дөңгелек үстел»  өткізілді.

«Дөңгелек үстелді» сот төрағасы М. Рысбеков ашты. Ол дөңгелек үстелдің басты мақсаты болып, шиеленістерді (дауларды) шешудің басқа оңтайлы әдістері мен медиацияны дамыту  болып табылатынын айтты.

Железин ауданының төрағасы сот актілерін орындау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

10/06/2016

Железин аудандық сотынының төрағасы Ғ.Ертаевтың, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Бенераның,  ауданның Әділет басқармасының басшысы В.Гуринаның, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы М.Джураевтың, Железин ауданының жеке сот орындаушысы А.Хаербаеваның, кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлері  қатысуымен сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмауы мәселелеріне байланысты «дөңгелек үстел» өткізілді.

Павлодар қаласының әкімшілік сотымен қоғамдық орындарда қайыр сұраған үшін әйел жауапкершілікке тартылды

10/06/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК 449- бабының 2- бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды (қоғамдық орындарда тиісу).

Істі қарау барысында, 37 жастағы азаматша М. Павлодар қаласының Кутузов – Лермонтов көшелерінің қиылысында қайыр сұрады. Бұл құқық бұзушылықты М. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сотта М. екінші рет қайталанған құқық бұзушылық кінәсін толық мойындап, аялдамада 17 жасар үшінші топтағы мүгедек ұлымен жұрттан емделуге ақша сұрағанын түсіндірді.