Архив событий

16/06/2016

Алкоголь өнімін өткізу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу

16/06/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК 200-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды (Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу).

Істі қарау барысында, дүкен сатушысы М. 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін – сыраны өткізді.

Сот отырысында М. жасаған құқық бұзушылық кінәсән толық мойындап, жігіттің өз жасынан үлкен көрінгенің түсіндірді.

Павлодар қалалық сотымен Павлодардың тұрғын үй-коммуналдық Бөлімінің шешімін заңсыз деп тану бойынша азаматтық іс қаралды

16/06/2016

Сотқа азамат Т. «Павлодар қаласы тұрғын үй-коммунальдық, көлік жолдары және  автокөліктер тасымалы бөлімі» ММ-не мемлекеттік органның әрекеті мен шешімін заңсыз деп тану туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Медиация қатысушылармен мәліметтерді жария етуі үшін әкімшілік жауапкершілік

16/06/2016

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нұржанова Ертіс ауданы кәсіби емес медиаторларымен медиацияға қатысушылардың мәліметтерді жария етуі үшін әкімшілік жауапкершілік туралы семинар өткізді.

Ертіс аудандық сотымен кәсіби емес медиаторлармен «Медиация туралы» Заңын қолдану бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі. Д.Нұржанова «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 85 бабының нормаларын түсіндіріп өтті, ол сол ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз жария етуі үшін әкімшілік айыппұл түріндегі жазаны қарастырады.

 

Екібастұз қаласының әкімшілік сотында «Төрелік» АЖ арқылы істерді жолдау мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

16/06/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйе арқылы істерді жолдау» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Дөнгелек үстелге судьялар, сот қызметкерлері және Екібастұз қаласының ІІБ өкілдері қатысты.

Шарбақты аудандық сотымен кәсіпкерлер Одағы өкілінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

16/06/2016

Шарбақты аудандық сотында «Шарбақты ауданының кәсіпкерлер Одағы» ҚБ-нің төрағасы Т.Карашашевтің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Кездесу барысында Т.Карашашев сот қызметкерлеріне қоғамдық ұйымның негізгі қызметімен, қоғамдық ұйым қызметінің негізгі түрі аудан кәсіпкерлеріне заңды және басқа қоғамдық маңызы бар сұрақтары бойынша консультация беру болып табылатынын айтып өтті.

Качир аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді

16/06/2016

Качир аудандық сотында «Сыбайлас жемқолыққа қарсы әрекет туралы» тақырыбына соттың төрағасы М.Араповтың, кеңсе меңгерушісі Д.Джумабекованың, сот қызметкерлерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Май аудандық сотының төрағасы әкімшілік іс бойынша брифинг өткізді

16/06/2016

Май аудандық сотында аудандық «Шамшырақ» газетінің тілшісі А.Карімовтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың төрағасы Ұ.Рахимбергеновамен  құқықбұзушы К. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қаралғаны туралы ақпарат берілді.

Қой ұрлауға оқталғаны үшін Шарбақты ауданының тұрғыны бір жылға бас бостандығынан шектелді

16/06/2016

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауданы Малиновка ауылы жанында орналасқан қойма аумағынан қойды ұрламақ болған аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындап, ол алдағы уақытта қойларды қарап, жалдау бойынша жұмыс істегенін түсіндірді. Оған  ақша қаражаты қажет болғанына байланысты бір қойды ұрлап кетіп, темір бөшкенің ішіне жасырып қойған. Келесі күні таңертең жасырып қойған қой өліп қалғанын көрген. 

Кәмелетке толмағандарды масаң күйге жеткiзу туралы істер бойынша сот тәжербиесінің мәселелері бойынша семинар

16/06/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмағандарды масаң күйге жеткiзу туралы істер бойынша сот тәжірибесі тақырыбына семинар  өткізілді.

Семинарға Павлодар қаласының ІІБ-нің Оңтүстік, Солтүстік және Орталық ювеналдық полиция басшылары Р.Сулейменов, И.Емцова, Б.Досымжанов қатысты.

Қоғамдық бірлестік өкілдеріне «Сот кабинеті» сервисін қолдануды түсіндіру

16/06/2016

Железин аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Аубакировамен,  «Өркениет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамның өкілі Г.Дюсекинның,  жеке кәсіпкер В.Вахрушевтың  және сот мамандардың қатысуымен  «Сот кабинеті» сервисін қолдануды түсіндіру бойынша брифинг өткізілді.   

Кеңсе меңгерушісі «Сот кабинеті» сервисі  сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналғанын атап өтті.

Бір бірінің атына тіл тигізетін сөздер айтқаны үшін балабақшаның қызметкерлері айыппұлға тартылды

16/06/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік істер қаралды (434-бабының бірінші бөлігі бойынша).

Іс материалдары бойынша, Павлодар қаласындағы балабақшаларының біріндегі екі қызметкері жұмыс орнында қарым-қатынастарын анықтау нәтижесінже бір бірінің атына  тіл тигізіп, балағат сөздер айтқан.

Істі қарау барысында, жанжал күндізгі уақытта, балалар демалып жатқанда болған, бірақ ол тәртіп бұзушыларды абыржытпаған.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін 20 тәулік мерзімге қамаққа алынды

16/06/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде екінші рет қайталап жасаған, алкогольді масаң күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 608 бабының алтыншы бөлігі).

Істі қарау барысында, Ч. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольді масаң күйінде «Nissan Primera» маркалы авто көлігін басқарғаны анықталды.