Архив событий

08/06/2016

Успен аудандық сотында сот төрағасы таныстырылды

08/06/2016

Успен аудандық сотының ғимаратында Павлодар облысының азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы А.С.Күзеков ауданның бірінші басшыларына 2016 жылдың 31 мамырында № 271 Президент Жарлығымен тағайындалған ауданның жаңа төрайымы  Гүлнар Рахметовна Мұхаметкалиевнаны таныстырды.

Г.Р.Мұхаметкалиева Павлодар облысының сот жүйесінде 23 жыл қызмет атқарған, оның ішінде 11 жыл Ақсу қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы лауазымында қызмет атқарған.

Шетелдіктердің көші-қон саласында ҚР заңнамасын бұзуы

08/06/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы М.Майсақановпен ҚХР-ның екі азаматтары көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік істері қаралды.

Істі қарау барысында, ҚХР азаматшасы Л. Қазақстан Республикасы аумағына 2015 жылдың шілде айында туристік визамен келіп, ҚР заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күндік мерзімде уақытша болу орнында тіркелмей, осылайша  ішкі істер органдарында тіркелусіз  Қазақстан Республикасында болу заңнамасын бұзғаны анықталған.

Телефон ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

08/06/2016

Май аудандық сотымен  тұрғын уй-жайына еркін түрде кірумен, ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 188 бабының 1бөлігі).

Іс материалдары бойынша, азаматша  Е. 2016 жылдың 30-ші сәуірде  Май ауданы Көктөбе ауылында өзінің танысы азамат Б-нің үйінде бола тұра, «Нокиа» маркалы ұялы телефонын ұрлап алған, соның нәтижесінде жәбірленушіге 7 000 теңге құрайтын материальдық шығын келтірген.

Сот банктік қарыз шарты бойынша қарызды өндіріп алды

08/06/2016

Павлодар облысы Май аудандық соты «Банк» АҚ-ның А.-ға банктік қарыз шарты бойынша қарызды өндірі алу туралы азаматтық істі қарады.

Талапкер өз талабында Банк мерзімділік, шұғылдылық, қайтарымдылық, қамтамассыз ету шарты бойынша 30 ай мерзіміне 26% мөлшерінде несие бойынша сыйақыны төлеумен  305200  теңге соммасына ақша қаражатын беру фактісін көрсеткен. Жауапкер Б.-ның негізгі қарызы 423 711 теңгені құраған. Бірақ шарт бойынша ақша қаражатын уақытында қайтару туралым міндеттемені орындамаған.

Қарыз сомасын өндіріп алу туралы іс бітімгерлік келісіммен бекітілді

08/06/2016

Павлодар қалалық сотында талапкер Р.-ның жауапкер Е.-ден қарызды өндіріп алу  туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды. 

Сот ісін жүргізу барысында тараптар татуластыру келісімін жасады. Аталған келісім мазмұны бойынша тараптар келесіге келді: 2015 жылғы маусымның 09 күні жасалған құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы келісімді бұзу, жауапкер Е. талапкер Р.-ға аванс ретінде Павлодар қаласы Крупская көшесі 63 үй, №2 подъезді жөндеуге алған 70 000 теңгені қайтаруға міндеттенді.

Ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс татуласуға байланысты қысқартылды

08/06/2016

Павлодар аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың ақпаныңда сағат 14.00 шамасында сотталушы К. Павлодар ауданында орналасқан ауылдарының бірінде бола тұра, Р.-ға тиесілі 8000 теңге көлемінде тұратын  40 литрлі алюминді фляганы жасырын ұрлаған. Сотталушы К. өзінің әрекетімен жәбірленуші Р.-ға 8000 теңге сомасында материалдық зиян келтірді.

Павлодар облысының экономикалық сотында қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету әдісі мен жолдарын анықтау мәселелері бойынша қоғам бірлестіктерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

08/06/2016

Дүние жүзілік қоршаған орта күнін тойлау қарсаңында Павлодар облысы мамандандырылған экономикалық сотында судьялармен және «Экология элемі», «Павлодар облысының тұтынушылар одағы» қоғам бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау және сақтау» (Экология кодексі) тақырыбына семинар өткізілді.  

Семинарды сот төрағасының міндетін атқарушы У.Рахымгожина ашты. Осы семинар әр адамның қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қамтамасыз ету мақсатымен өткізілетінін белгілеп өтті.

Павлодар қаласындағы орын алған даулы бейнероликтегі тәртіп бұзушының біреуі жауапкершілікке тартылды

08/06/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен желіде қоғамдық резонанс тудырған даулы бейнероликтың таратылуынан кейін танымал болған  ұсақ бұзушылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында, азамат Ф.мен азаматша Д. Павлодар қаласының көшенің жолында ашық түрде жыныс әрекетін жасаған, осындай әрекетімен қоғамға сыйламаушылықты білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот отырысында  Ф. кінәсін толық мойындап, өз қылығын көп көлемде спирттік ішімдікті ішкеннен мас күйінде болғанын түсіндірді.

Железин аудандықсотында медиацияны дамыту мәселелері бойынша қоғам бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «дөңгеле үстел» өткізілді

08/06/2016

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаевпен  «Нұрлы мерей» қоғамдық қорының төрағасы К.Нұрғалиеваның, «Железин ауданының кәсіпкерлері» ҚБ төрағасы Б.Уралованың және «Өркениет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамның өкілі Г.Дюсекинның қатысуымен «дөңгелек үстел»  өткізді.