Архив событий

13/06/2016

Сот орындаушысы өзінің фукционалды міндеттеріне үстірт қарағаны үшін әділет Департаменті атында жеке қаулы шығарды

13/06/2016

Павлодар облысы Железин аудандық сотының  қаулысымен азамат С. ӘҚБтК 669 бабына (сот шешімін орындамау) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 19 820 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

С. әкімшілік жауапкершілікке тарту негізі болып, 224500 теңге мөлшерінде Т.-ның пайдасына материалдық нұқсанды өндіріп алу туралы сот шешімін орындамау болып келді, ол жоғары тұраған инстанцияда шағымдалып өзгеріссіз қалдырылды.

Ұрлық жасау фактісі бойынша іс қысқартылды, сотталушыға медициналық сипаттағы шара қолданылды

13/06/2016

Павлодар облысының Качир аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 188 бабының 1 бөлігі).

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылы мамыр айында азаматша Л. көршісі Ф-ның үйінде болмауын пайдаланып, оның үйінен «Nokia-CЭ 0168» маркалы ұялы телефонын ұрлап алған.   

Сотпен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

13/06/2016

Павлодар қалалық сотымен талапкер О.-ның жауапкер К.-ға қатысты ел шеңберінен шығуға рұқсат беру туралы азаматтық іс қаралды.  

Істі қарау барысында тараптар судьяның қатысуымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім шартты бекітті. Оған сәйкес жауапкер К. талапкер О.-ның Қазақстан Республикасы шегінен шығып кетуіне қарсылық білдірмейді; Өз кезегінде талапкер О. жауапкердің Қазақстан Республикасы шеңберінен шығуына рұқсат береді.

Полицейдің бет жағынан жұдырықпен соққы жасаған, Павлодар облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды

13/06/2016

Павлодар қаласының №2 сотында билік өкіліне зорлық көрсету фактісі бойынша 1993 жылы туған Павлодар облысының тұрғыны М.Жунусовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Успен аудандық сотында «Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

13/06/2016

Ел басы кез келген құқық бұзушылыққа қоғамда нөлдік төзімділікті құру бойынша міндет қойылған. Мемлекетіміздің Президенті белгілеп өткендей, «мемлекет заңын бұзу және кез келген қылмыс үшін жазаның әділдігі мен болмай қоймайтындығына ешкімнің күмәні болмау қажет», «азаматтардың заңға немқұрайлы қарауына жол беруге болмайды».

Павлодар облысының сот алқасы тағайындалған жазаны өзгерту туралы бірінші инстанция сотының қаулысын өзгертті

13/06/2016

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша сотталған Г.Боранбаевқа 43 300 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалған болатын. 2016 жылғы сәуірдің 07 күні Павлодар қаласының №2 сотының қаулысымен айыппұл түріндегі жаза  мүлкін тәркілеумен, 3 жыл мерзіміне мемлекеттік қызметте белгілі қызмет атқару құқығынан айырумен, жалпы тәртіптегі түзету коллониясында жазасын өтеумен 8 жылға бас бостандығынан ауыру жазасына ауыстырылды.

Медиацияны қолдану мәселелері бойынша қоғамдық ұйым өкілдерімен «дөңгелек үстел өткізілді»

13/06/2016

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаевтің «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасы А.Омаровтың, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі республикалық филиалының төрағасы К.Доскиреевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасына медиацияны енгізу»  тақырыбына «дөңгелек үстел»  өткізілді.  

Әнгіме барысында сот төрағасы тараптар арасында туындайтын дауларды шешу мәселелерінде медиацияның рөлі турала айтып өтті.