Архив событий

09/06/2016

Май аудандық сотында «Қазақстан Республикасы жаңа Еңбек кодексінің ерекшеліктері мен жаңалықтары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

09/06/2016

Май аудандық сотында «Қазақстан Республикасы жаңа Еңбек кодексінің ерекшеліктері мен жаңалықтары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрайымы Ұ.Рахимбергенова, Май аудандық прокуратурасының прокуроры С.Жакубаева, Павлодар облысының адвокаттар алқасының адвокаты А.Есирова және сот мамандары қатысты.

Аталған іс-шараны өткізудің басты мақсаты ‒ Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің жеке нормаларын түсіндіру.

Бір қатар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Шарбақты ауданының тұрғыны 25 тәулікке қамаққа алынды

09/06/2016

Шарбақты аудандық сотымен 1970 жылы туған  аудан тұрғыны Р.  қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2016 жылғы мамыр айының 26-сы күні өз үйінде алкогольді  масаң күйінде бола тұра,  өз анасының атына балағат сөздер айтқан.

Осыдан бұрын ол ұқсас құқықбұзушылық үшін ол әкімішілік жауапкершілікке тартылған. Соған қоса, жасаған ісімен участкелік инспектормен қойылған қорғау нұсқамасын бұзған.

Сонымен қатар, аталған құқық бұзушы темекі тұқылын оған арналмаған орынға тастап ұсақ бұзушылық жасаған.

Тараптардың арасында партисипативтік рәсімі тәртібінде келісім жасауына байланысты азаматтық іс қысқартылды

09/06/2016

Ақтоғай аудандық соты А-ның азамат Б-ға жол көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген нұқсанды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында тараптардан келесі шарттар бойынша партисипативтік рәсім тәртібінде дауды реттеу туралы өтініш түсті: жауапкер талапкер А.-ға 2016 жылдың 01 маусымында «Audi» маркалы көлік құралын сатып алуға міндеттенді.

Сот ұйғарымымен  тараптардың арасында жасалған партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісім бекітілді.

Әкімдіктің шарбағын қағып кеткен Екібастұздың тұрғыны бес жылға көлік құралын басқару құқықғынан айрылды

09/06/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мүлікті бүлдіруге әкелген, алкогольді масаң күйінде болған жүргізушімен көлік құралын басқару бойынша іс қаралды (ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі).

2016 жылы 09 мамырда құқық бұзушы К. жеңіл дәрежелі мас күйінде Ваз 21140 маркалы автокөлігінің басқарған, көлік құралын басқаруға шамасы келмей, Солнечный кенті әкімдігінің шарбағына соғылғаны анықталды. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде материалдық нұксан келтірілді.

Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау

09/06/2016

 

Железин аудандық  сотымен талапкер азамат К-нің азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, өтініш берушінің   анасы азаматша Моторыкина 2016 жылдың ақпан айында қайтыс болды, оның қайтыс болғанынан кейін тұрғын үй және жер түрінде мұрагерлік ашылды. Неке туралы куәлікте және туу туралы куәлігінде « Маторыкина » орнына « Моторыкина » деп жазылған  сол себептен өтініш беруші мұраны  ала алмайды.

Ертіс аудандық сотында қызғаныш салдарынан тұрғынжайға заңсыз басып кіру фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

09/06/2016

Ертіс аудандық сотымен Т. қатысты түңгі уақытта жасалған тұрғынжайға онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 2 бөлімі 149 бабы).

Іс материалдарына сәйкес, 43 жастағы Т. 2016 жылғы 22 мамырда сағат  00.40 шамасында, 40 жастағы танысы Ш. үйіне заңсыз басып кіру мақсатында, үй иесінің шақыруынсыз, екі әйнек шынысын бүлдіріп, 23 000 теңге сомасында нұқсан келтірген.

Ұсақ бұзақылық жасаған үшін Лебяжі ауданының тұрғыны бес тәулікке қамаққа алынды

09/06/2016

Лебяжі аудандық сотымен ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша құқық бұзушылық жасаған А. азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 434 бабының 1-бөлігі). 

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 29 мамырында сағат 16.00 шамасында А. қоғамдық жерде – далада айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, былапыл сөйлеп, қоғамдық тәртіпті бұзған, осындай әрекетімен ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында А. өзінің кінәсін толық мойындады.

Павлодар қалалық сотының судьясымен С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің студенттеріне көрнекі сот процессі өткізілді

09/06/2016

Павлодар қалалық сотының судьясы А.Дюсенбаеваның төрағалық еуімен  С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің студенттерінің қатысуымен көрнекі сот процессі өткізілді. Сотта кәмелетке толған қызы Ш.-ның әкесі А.-ға 21 жасқа толғанша өзінің оқуына алиментті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Назарға аламыз! Әлеуметтік сұрау өткізіледі

09/06/2016

Павлодар қалалық сотында медиация институты туралы, сот медиациясы институтын қолдану рәсіміне қатысты тұрғындардың пікірін зерттеу мақсатында азаматтар-сот процессіне қатысушылар арасында анонимді түрде әлеуметтік сұрау жүргізіледі.

Аталған сұрауға сот процессіне қатысушылар, кәсіби заңгерлер, сонымен қатар, сотқа келушілер 2016 жылы тамыздың 25-не дейін қатыса алады.

Сотпен бітімгерлік келісімі бекітілді

09/06/2016

Павлодар қалалық сотында талапкер ЖШС-нің жауапкер Ш.-дан қарызды өндіру  туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талап арызында жауапкер Ш.-ға 67 450 теңге көлемінде микронесиені шұғыл қайтару шартымен берілгендігін көрсеткен.     

Сот процессі барасында тараптармен татуластыру келісімі жасалды. Аталған келісімнің шарты бойынша жауапкер 2015 жылы маусымның 10 на дейін 67450 теңгені қайтаруға міндеттенді, ал талапкер ЖШС 67 450 теңге соммасына талап арызынан бас тартады.

Ертіс ауданының тұрғыны үш баласын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін айыппұлға тартылды

09/06/2016

Ертіс аудандық сотымен кәмелетке толмаған балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша анасымен ата-аналық міндеттерін орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта 30 жасар М.-ның (2, 9 и 16 жастағы) үш кәмелетке толмаған балалары бар, балаларын қараусыз қалдырып, олардың тәрбиесімен айналыспайды, ішімдікті шамадан тыс пайдаланатыны анықталды. Балалар оқуды босатады, үлкен қызы «Панасыздар және қадағалаусыздар» есебінде тұрады.

Качир аудандық сотымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталушылар үшін көрсеткіш ашық сот отырысы өткізілді

09/06/2016

Качир аудандық сотымен аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар үшін ашық сот отырысы өткізілді. Сот отырысында Качир ауданы пробация қызметі бастығының «тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық» сотталған К-ға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы  ұсынысы қаралды (ҚК 191-бабының 2-бөлігінің 3 тармағы).

Анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша Железин ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

09/06/2016

Железин аудандық сотымен деңсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша  Ф.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 107 бабы 1 бөлігі).

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 19 наурызында Ф. өз үйінде мас күйінде бола тұра, анасы П.-ға жанжал ашып, соңғының  деңсаулығына көп ошақты орташа дәрежеде зиян келтірді.    

Сот отырысында Т. мен П. сотқа медиациялық келісім ұсынды, оған сәйкес П. өз ұлына талап қоймайды,  себебі сотталушы кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінді.

БАҚ-пен өзара әрекеттесу бойынша облыстық соттың үйлестіруші -судьясы Астана қаласындағы семинар-тренингке қатысты

09/06/2016

БАҚ-пен өзара әрекеттесу бойынша облыстық соттың үйлестіруші - судьясы Айгүл Тоғұмбетова Ф.Эберт атындағы Герман халақаралық құқықтық ынтымақтастық қоры мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылған, «Сот ақпаратын ілгерілетудегі PR-технология механизімдері » тақырыбына екі күндік семинар-тренингке қатысуда.

Украина Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарылды

09/06/2016

Железин аудандық сотымен    Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғаны және  ішкі істер органдарына  заңнамасымен белгіленген тіркелуге арналған  бес күнтізбелік күннен кейін, үш тәуліктен көп мерзімде тіркелмеген үшін Украина Республикасының азаматы С. – қа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Ертіс аудандық соты МЗТО филиалы өкілімен «дөңгелек үстел» өткізді

09/06/2016

Ертіс аудандық сотымен МЗТО Департаментінің, Павлодар облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік бірлестігі» филиалы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Судья Д.Нұржанова заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қарастыру кезінде органдармен зейнетақыны ресімдеу кезінде жүгінетін азаматтармен түсініктеме жұмыстары мен хабарландыру жүргізілмейтіні анықталды, осыған байланысты азаматтар қосымша шығыстарды көтеріп, заңгерлерге көмекке жүгінуге мәжбүр деп атап өтті.

Аксу қалалық сотында отбасы саласында құқыққа қарсы әрекеттер жасау фактісі бойынша 52 іс медиатордың көмегімен қысқартылды

09/06/2016

Ақсу қалалық сотымен отбысылық-тұрмыстық саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат Ф. өз үйінде жұбайы Д.-ға жанжал ашып,  балағат сөздер айтып, намысына тіл тигізген. Осылайша ӘҚБтК-нің 73-бабының бірінші бөлігіне көзделген  құқық бұзушылық жасады. 

Сот талқылауы басталмас бұрын жәбірленушіден татуласу туралы медиациялық  келісім жасалғанына байланысты істі қысқарту туралы өтініш  түсті және ол сот отырысында расталды.

Сот отырысында тараптар нұқсанды өндіріп алу туралы дау бойынша татуласу келісімін жасады

09/06/2016

Ертіс аудандық сотымен жол-көлік  оқиғасы нәтижесінде нұқсанды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Алдын ала сот отырысы барысында тараптар бітімгершілік келісімге қол жеткізді, жауапкер үш ай ішінде талапкерге нұқсан сомасын төлеуге міндеттенді.

Іс бойынша іс жүргізу қысқартылды. Талапкермен арыз беру кезінде  төленген 3500 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж оған қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.