Архив событий

17/06/2016

«Қылмыстық іс жүргізуде медиация» тақырыбына аудан ішкі істер бөлімінің тергеушілерімен «дөңгелек үстел»

17/06/2016

Железин аудандық сотында сот төрағасы Ғ.Ертаевпен аудан ішкі істер бөлімінің тергеушілері Р.Онбаевтың, З.Утегенованың, Р.Мадогуловтың, кеңсе меңгерушісінің және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қылмыстық іс жүргізуде медиация»  тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын сотта қорғау» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

17/06/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың құқығын сотта қорғау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға соттың судьялары, жалғыз басты аналарды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің директоры М.Жакетаева, қаласының Білім беру Бөлімінің қорғаншылық және қамқорлық секторының бас маманы З.Бек қатысты.

Процессуалдық шығындар өндіріліп алынды

17/06/2016

Шарбақты аудандық сотымен аудан прокурорының күдіктіден процессуалдық шығындарды өндіріп алу туралы ұсынысы қаралды.

Прокурордың ұсынысы бойынша, күдікті 2016 жылы 1 қаңтарында күдікті аудан орталығының екі тұрғынына дене жарақаттарын келтірген.  Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы жасалып, оған 8755 теңге жұмсалған.

ІІБ ТБ аға тергеушісімен қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Некені бұзу туралы талап арыз бітімгершілікпен шешілді

17/06/2016

Ертіс аудандық сотымен некені бұзу туралы жұбайының талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер талабында жұбайымен некеде 12 жыл тұрғанын, 3 кәмелетке толмаған балалары бар. Некені бұзу себебін «мінездері жараспағанын, отбасын одан әрі сақтаудың мүмкін еместігін» көрсетті.

Бірақ сот отырысы барысында отбасын одан әрі сақтап қалу мақсатында, тараптардан бітімгершілік келісім жасау туралы келісім түсті.

Қоғамға сыйламаушылық көрсеткені үшін қамаққа алында

17/06/2016

Павлодар  облысының Железин аудандық ұсақ бұзақылық фактісі бойынша азамат С.-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды (434-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдары бойынша Железин ауданының Енбекші ауылында С. азамат Б.-ны балағаттап, оның атына дөрекі сөздер айтқан.  Сондай-ақ, қоғамға сыйламаушылық көрсетіп, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот мәжілісінде С. жасаған құқық бұзушылық жағдайын даулаған жоқ. Кінәсін толық мойындады және жасаған әрекетіне өкінді.

Шарбақты аудандық сотында гендірлік саясат мәселесін талқылады

17/06/2016

Шарбақты аудандық сотында «Мила» қоғамдық бірлестігі төрағасы Л.Сидоренконың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.   

Іс-шара өткізу барысында Л.Сидоренко сот қызметкерлеріне құрамына ауданның 40 әйелдері кіретін атаулы ұйымның қызметі туралы айтып өтті.

Качир аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

17/06/2016

Качир аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Д.Джумабекованың, «Қазахстан Республикасы ардагерлер ұйымы» ҚБ-нің өкілі Л.Балютинаның және аудан орталығының бірінші ардагерлер ұйымының төрағаларының қатысуымен  «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» «Сот кабинеті электронды ақпараттық  сервисі арқылы электрондық құжаттарды беру тәртібі туралы» атты тақырыбына арналды.

Бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша мемлекеттік мекеменің есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды

17/06/2016

Павлодар қаласының №2 сотында қызметтік жалғандық жасау, алаяқтық фактісі бойынша «Павлодар облысының сату және кәсіпкерлік Басқармасы» ММ-нің есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2013 жылдың тамыз айынан 2015 жылдың тамыз айы аралығында мемлекеттік мекеменің есепшісі Б. еңбекақы ведомостың есеп-шотына қайшылық іс әрекетімен бөтен мүлкін ұрлау бойынша өзінің жалақысын жалғандықпен көтеріп, көп уақыт бойы бөтен мүлікке ұрлық жасаған.