Ертіс аудандық сотында «Қылмыстық іс жүргізуде сотпен медиацияны қолдану» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ертіс аудандық сотының төрағасы Ә.Нұрғалиевпен «Қылмыстық іс жүргізуде сотпен медиацияны қолдану» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға судья Д.Нұржанова, аудандық соттың қызметкерлері, «Бейбітшілік» ҚҚ-ның үкіметтік емес ұйымының өкілі А.Идрисов қатысты.

Өз сөзінде Ә.Нұрғалиев сотпен қылмыстық іс жүргізуде татуластыру рәсімін қолдану бойынша белсенді жұмыс өткізілетінін белгілеп өтті.

Қайнар: 
Ертіс аудан сотының баспасөз қызметі