Павлодар қалалық сотымен еңбек қатынастарының бар екенін анықтау, қайғылы оқиғаны тіркеу және тергеуді ұйымдастыру міндеттілігі туралы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотымен азамат М.-ның жауапкер «Павлодар жеңіл құрылым заводы» ЖШС-не, талап арызға өз бетінше талап етпейтін үшінші тұлғаларды қатыстырумен «Алюминий Қазақстан» АҚ, «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ-не еңбек қатынастарының бар екенін, қайғылы оқиғаны тіркеуге міндеттеу, уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемді төлеу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

2016 жылы  қаңтардың 29 күні  «Алюминий Казахстана» АҚ-ның аумағында аталған «Павлодар жеңіл құрылым заводы» ЖШС-мен кәсіпорын ТЭЦ-не газ жолын салу туралы келісім шарт жасалып, темір балкілерді орнату жұмыстарын жүргізу барысында мердігердің жұмысшысы М.-ның аяғына аталған балка құлап, оның денсаулығына ауыр жарақат келтірген.    

Аталған ЖШС-нің талапкер М.-мен еңбек қатынастарының бар екендігін мойындамауына қарамастан сот аталған ЖШС-нің талапкермен еңбек қатынастарының болғандығын анықтап, «Павлодар жеңіл құрылым заводы» ЖШС-н болған оқиға бойынша тергеуді ұйымдастыруға және қайғылы оқиғаны тіркеуге, уақытша жарамсыздығына байланысты төлем ақы төлеуге міндеттеді. 

Қайнар: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі