Архив событий

08/07/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балаларға арналған ашық есік күні

08/07/2016

2016 жылдың 05 шілдеде Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмаған «Павлодар қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ-нің тәрбиеленушілеріне арналған ашық есік күні өтті.

Ювеналдық сотының судьялары балалар алдында «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Астана күні мемлекеттік мейрамы» туралы қызықты тақырыптарда сөз сөйледі.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қауларды орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

08/07/2016

Аталған шарада Павлодар облысының ІІД көші-қон полиция басқармасының қызметкері Б.Н. Калиаскар, Павлодар қаласының прокуратура бөлімнің прокуроры Р.М.Дюсембаев, Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.М. Ысқақбекова, кеңсе меңгерушісі М.А. Негметжанова қатысты

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әкімшілік жолмен  шығарып жіберу туралы қаулыларды орындауда тындайтын сұрақтарды талқылады.

Пробация қызметінің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы ұсынысы қанағаттандырылды

08/07/2016

Железин аудандық сотымен  сотталған Ф. қатысты, Железин ауданының пробация қызметіның ұсынысы бойынша сотпен тағайындалған жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы материалы қарастырылды.

Железин аудандық сотының 2014 жылы 25 тамыздағы айыптау үкімімен Ф. азамат ҚК 103 бабы 1 бөлігімен 3 жылға бас бостандығын шектеу мен пробация қызметінің бақылауында болу жазасы тағайындалған.

Тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

08/07/2016

Железин  аудандық сотымен заңсыз кірумен  ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 188 бабының 2 бөлігі 1,3 тармағы).

Қылмыстық іс материалдары бойынша, азаматтар С. және С. 2016 жылдың 28 қаңтарында түнгі 03.00 сағатта Железин ауылында, заңсыз металл сақтау қоймасына кіріп 134,7 кг. мысты ұрлап, жәбірленуші С.-ке  158 496 тенге нұқсан келтірді.

Ертіс аудандық соты ауданның учаскелік полиция инспекторларымен дөңгелек үстел өткізді

08/07/2016

Ертіс аудандық сотыеың судьясы Д.К. Нұржанова прокурор Ә.А. Әбілдинаның және Ертіс ауданы ІІБ учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Д.К. Нұржанова әкімшілік іс материалдарын қалыптастыру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрғанда ауданның учаскелік полиция инспекторлары жіберетін  қателіктерге назар аударды. Кездесу барысында әкімшілік істерді қарастыру кезіндегі проблемалық сұрақтар талқыланды.

Лебяжі аудандық сотында атқарушылық жазбаларды жасау жөнінде «дөңгелек стол» өткізілді

08/07/2016

Лебяжі аудандық сотында, сот төрағасысының м.а. Б. Сабитденова «Атқарушылық жазба туралы» Дөнгелек стол өткізді. Қатысқандар Лебяжі аудандық прокурордын көмекшісі Маратұлы С., Лебяжі аудандық бойынша нотариус  Д. Есимова., адвокат А.Арынова., АО Казахтелеком және жеке кәсіпкерлер.

Ақсу қалалық сотының 2016 жылдың 1 жартыжылдық ішінде атқарған жұмысы туралы қорытынды жасалды

08/07/2016

05.07.2016 ж. 2016 жылдың 1 жартыжылдық ішінде атқарған жұмысының қорытындысы бойынша жедел кеңес жүргізілді.  Кеңес жұмысына сот судьялары және сот аппараты қатысты.

Сот төрайымы Қ.Темирова аталған кеңеске қатысушыларға қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қараудың негізгі қорытындылары туралы, сонымен қатар сотпен әділдік сотқа жіберудің санды және сапалы көрсеткіштері туралы ақпарат берді.