Архив событий

13/07/2016

Железин аудандық соты көлік құралына бажды өндіріп алу туралы 19 арызды қанағаттандырды

13/07/2016

Железин аудандық соты көлік құралына бажды өндіріп алу туралы Железин ауданының кірістер басқармасынан түскен 19 арызың қанағаттандырды.

Іс материалы бойынша, борышкерлер 2012, 2013, және 2015 жылдардың көлік құралдарына баждарын төлемеген.

Сот АІЖК 135 баптың 5 тармағын басшылыққа алып, 19 тұлғаға көлік құралдарына жалпы 355 655 теңге мөлшерінде бажды және 5333 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды  өндіріп алу туралы сот бұйрығы

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ шығарылды.

Тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

13/07/2016

Железин  аудандық сотымен   ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 188 бабының 1 бөлігі).

Қылмыстық іс материалдары бойынша, азамат Ш. 2016 жылдың 18 маусымда Лесное ауылында жәбіпленуші Ш. шойын тақтаны ұрлап, 6000 тенге нұқсан келтірді.

Сот отырысында сотталушы Ш. мен жәбірленуші Д. кәсіби емес медиатордың көмегіне жүгінді. Сотталушы Ш. мен жәбірленуші Д. медиатордың көмегімен татуласты және қылмыстық істі қысқарту мақсатында сотқа дауды реттеу жөнінде келісім ұсынды.    

Май аудандық сотында бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

13/07/2016

Май аудандық сотында 2016 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Іс-шараға сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова, аудандық прокуратура, мемлекеттік кіріс басқармасы, Ішкі істер бөлімінін басшылары, жергілікті учаскелік полиция уәкілдері, сот мамандары және  аудандық жергілікті «Шамшырақ» редакциясының журналистері қатысты.

Азаматтығы жоқ әйелге шекараны заңсыз кесіп өткені үшін 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды

13/07/2016

Железин аудандық соты  Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткен, азаматтығы жоқ адам,   С.-ға қатысты ҚК 1 бөлігі 392 бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын
қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша қылмыстық іс қарады.

Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды

13/07/2016

Ақсу қалалық сотымен қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат Д. қоғамдық орында болғанда  шеккен темекінің тұқылын жерге тастаған,  алайда осы іс-әрекетімен қоғамдық пайдалану орнын ластаған, яғни қоғамдық тәртіпті бұзған.

Аталған  бұзушылық бейне жазуымен ұялы телефонда тіркелген.

Сот отырысында Д. өз кінәсін толық көлемінде мойындады.

Шарбақты аудандық сотында «Добровольное общество инвалидов» ҚБ төрағасының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

13/07/2016

Шарбақты аудандық сотымен «Добровольное общество инвалидов» қоғамдық бірлестігі төрағасы Галина Аяпованың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.   

Дөңгелек үстел барысында Г.Аяпова сот қызметкерлеріне ұйымның қызметі туралы айтып берді.

Қоғамдық ұйымның негізгі қызметі мүгедектерге көмек көрсету оларға мерекелік шаралар мен кездесулер ұйымдастыру болып табылады.

Медиация тәртібінде ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қысқартылды

13/07/2016

Ақтоғай аудандық сотымен ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұрлық) 47 жасар К. қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қаралды.

Іс материалдары бойынша, сотталушы 2016 жылдың 28 маусым күні сағат 16-00  шамасында Муткенов ауылында Мира к-сі, бойында орналсқан  1  үйде азамат Р-дың жалдауы бойынша үйді бұзады. Содан кейін,  іс әрекетіне ешкім бақылап тұрмағанына көзі жетіп, жасырын түрде төбе тақтайларын ұрлап кеткен.

Мас күйінде мотоцикл жүргізгені үшін Ямышево ауылының тұрғынын әкімшілік қамаққа алудың орнына, оған 200 АЕК айыппұл салынды

13/07/2016

Лебяжі аудандық сотында азамат Г-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, азамат Г-ның жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, өзінін мотоцикл ИЖ көлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, ҚР Жолжүрісі Қағидаларының 2-бөлім 4-тармағының 2-тармақшасының талабын бұзғандығына нықтады. Азамат Г., 2-топтар мүгедектерге кіреді, сол үшін оған осы кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.  

Железин ауданының тұрғыны әкімдік ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

13/07/2016

Павлодар облысының Железин аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік жауапкершілікке тартылған П, азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша, 2016 жылдың 25 маусымда Михайловка ауылында Михайловка селолық округынын әкімдік ғимаратында құқық бұзушы дөрекі сөздер айтып, сонымен қатар, олардың тыныштығын бұзып, қоғамға кесірін тигізген, азаматтардың құқықтарына қарсы болып табылатын әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Успен ауданының тұрғыны айыппұлды орындамағаны үшін қамаққа алынды

13/07/2016

Успен аудандық сотымен құқық бұзушы Х.-ғаӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Х. 2015 жылы мамыр айында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшкен үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 19820 тенге айыппұл салынды. Бірақ Х. уақытында айппұлды толемеген. Осыған орай Х. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәулік мерзімге қамаққа алынды. Алайда айыппұлды төлеу міндеттен босатылмаған.