Архив событий

29/07/2016

Ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердiорындамауы айыппұлға әкеліп соқты

29/07/2016

2016 жылдың 10 шілдеде Павлодар қаласының Володарского көшесі 193 жерде ұйықтап жатқан балалар және Володарского 199 жерде ұйықтап жатқан балалардың анасы туралы Павлодар қаласының Орталық полицияның кезекші бөліміне қоңырау түсті. Үш жасар ұл бала және бір жасар қыз бала. Орта дәрежеде мас күйіндегі Павлодар қаласының тұрғыны М.С.Шангожина балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерден толық бастартқан.

Павлодар қаласының ІІБ участкелік полиция инспекторларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

29/07/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» жүйесін көрсетуімен «Әкімшілік істі электрондық ақпараттық сервисі арқылы  жергілікті соттарға жіберу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Дөңгелек үстелдік жұмысқа қатысқан мамандандырылған әкімшілік сотының судья М.А. Майсаканов, Павлодар қаласының  прокурорлары Р.М. Дюсембаев пен Н.К. Сулейменов,  Павлодар қаласының ІІБ оңтүстік, солтүстік, орталық бөлімдерінің участкелік полиция инспекторлары.    

Ақсу қалалық сотының канцелярия меңгерушісі Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметшілерімен өткен шараға қатысты

29/07/2016

Ақсу қалалық сотымен «Азаматтар үшін үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақсу қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының бөлімінде «Сот кабинеті» және «Сот кабинетінің мобильді қосымшасы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға ХҚКО –нің  мамандары қатысты.

Баянауыл аудандық сотында сот отырысының уақтылы басталуы туралы отырыс өткізілді

29/07/2016

Негізгі отырысқа сот төрағасы, судья, сот мамандары қатысты.

Сот төрағасымен айтылды, аудио-, бейнежазбасы сот отырысына сот талқылауының дәл өту уақытын, сонымен қатар азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істері бойынша деректерді анықтау үшін қажет.

Аудио,- бейнежазбаға қатысты проблемалы сұрақтар айтылды.

Отырыс сонына сот төрағасымен сот отырысының уақтылы басталуына, судьямен сот отырысының хатшысына қандау жауапкершілік жүктелетіндігін айтып өтті.

 

Кәмелетке толмағанға алкоголь өнім сатқаны үшін Екібастұз сатушысына айыппұл салынды

29/07/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 200 бабы 1 бөлігі бойынша, бұл жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу туралы, Екібастұз қаласының тұрғыны С. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында Екібастұз қаласының тұрғыны С. 2016 жылы 04 шілдеде 20 сағат 00 минутта Екібастұз қаласы Королев көшесінде орналасқан «Бауыржан» дүкенінде 21 жасқа толмаған 2001 жылы туған З.-ға бір шөлмек алкоголь өнімін сатқан.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз кесіп өткені үшін шығарып жіберіп айыппұл салу

29/07/2016

Ертіс  аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 392 бабының 1 бөлігі бойынша З.қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өткізілді (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту).

Ата-ананың қараусыз қалған балалар

29/07/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 1 бөлігі 127 бабы бойынша - ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамауы, 1984 жылы туған П. қатысты әкімшілік іс қаралды.

П. азаматшада 2002 және 2009 жылдары туған кәмелетке толмаған балалары бар, ол олардың тәрбиелеуімен айналыспайды, қағажуланады, балалардың мүдделерін есепке алмайды, үйде тұратын антисанитарлық жағдай.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды

29/07/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК-тің 608 бабының 6 бөлімі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында, жүргізу куәлігі болған жоқ, құқығы болмаған азамат И. «Skoda Rapid» автокөлік маркасы, алкогольдік мас күйінде басқарғаны анықталды.

Әкімшілік істі қарау кезінде азамат И. әкімшілік құқық бұзушылықты үшін  кінәсін толығымен  мойындады

Сот қаулысымен азамат И. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Павлодар облысының экономикалық сотында банкрот болу және оңалту бойынша сұрақтары талқыланды

29/07/2016

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  судялар мен Павлодар қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі А.Е. Куракбаевтың қатысуымен «Банкрот болу және оңалту, дәлелдемелік қор, ерекшеліктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ертіс аудандық сотында «Атқарушылық жазбаларды жасау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

29/07/2016

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нұржановамен «Атқарушылық жазбаларды жасау» атты тақырыпта нотариус У. Муканова мен прокурор А.Абильдинаның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Качир аудадық сотында «Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары» тақырыбына семинар өткізілді

29/07/2016

Качир аудандық сотында «Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары» тақырыбына сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Семинарға судья Д.Б.Көдек, сот кеңсесінің меңгерушісі Д.Қ.Джумабекова, сот мамандары Л.Г.Крыштаң, К.Г.Бектурсынова, А.А.Глазко, Т.З.Сүлейменов қатысты.