Архив событий

04/07/2016

Шарбақты ауданының Мәдениет үйінде сот жұмыскерлері алғыс хатпен марапатталды

04/07/2016

Шарбақты ауданының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған ұйым басшылары және ішкі істер органдары қызметкерлері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Т.Бегимов атап өткендей, мемлекеттік қызметтің абыройы жылдан жылға артып келеді. Мемлекет басшысының «Нақты 100 қадам» жоспарында жаңа тапсырмалар қойылған. Бұл- кәсіби мемлекеттік аппарат құру.

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық есік күні

04/07/2016

2016 жылдың 1 шілдесінде Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтар мен заңды тұлғаларды «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі айрықшылығымен таныстыру үшін ашық есік күні өтті.

Ювеналдық соттың судьясы «Соттағы өкілдікті рәсімдеу құқықтық сұрақтары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді

04/07/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Соттағы өкілдікті  рәсімдеу құқықтық сұрақтары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті. Дөңгелек үстел Павлодар облысының нотариалдық палатасында өткізіді. «Дөңгелек үстел» жұмысына Павлодар облысының нотариалдық палатасының төрағасы С.Р.Жапарова, соттың судьясы М.А.Иванова кеңсе меңгерушісі Г.Ж.Жанабекова қатысты.

Май аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және өңдеу жөнінде семинар өткізілді

04/07/2016

 

Май аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және өңдеу» атты тақырыбымен кезекті семинар өткізілді.

Көлік жүргізу құқығынан айырылған Шарбақты тұрғыны қоғамдық жұмыстарға тартумен жазаланды

04/07/2016

Шарбақты аудандық сотымен 1995 жылы туылған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы 2016 жылдың 25 маусымында Александровка - Галкино автожолында көлік құралын басқару құқығынан айрылғанын біле тұра, мас күйінде «Volkswagen Golf» автокөлігін басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сотталушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінді.

Май ауданының тұрғыны бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

04/07/2016

Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 3 бөлігі бойынша жүргізуші Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралған.

Іс материалдары бойынша; 07 маусым 2016 жылы азамат Ж. Audi- 80  мемлекеттік нөмер 153 EWA 14 автокөлігін масан күйінде Көктөбе - Кентүбек тас жолында  басқара  келе  Lada-21921 мемлекеттік нөмер 799 ECA 14 азамат М. басқарып кележатқан автокөлігпен қақтығысып калып, оған механикалық зақым және материальдық зиян келтірген.

Сот отырысына  құқықбұзушы  Ж., келген жоқ, алайда сот отырыс күні жайлы ескертілген. 

Шарбақты ауданының ветеринария бөлімінің басшысы жұмысына қайта тұрғызылды

04/07/2016

Шарбақты аудандық сотымен Д.-ның Шарбақты ауданының әкіміне, «Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі» ММ-не тәртіптік жаза қолдану туралы өкімді заңсыз деп тану және оның күшін жою, жұмыста қалпына келтіру және мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпағаны үшін жалақын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкерге аудан әкімінің өкімімен өзінің қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін «Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі» ММ басшысы лауазымы мемлекеттік қызметінен босату түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

Жол көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс тоқтатылды.

04/07/2016

Железин аудандық сотында талапкер «Железин ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның жауапкер Т-ден жол көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғандай, жауапкер Т. жедел жәрдемдем көлік жүргізуші ретінде жұмыс істеп, 02.03.2016 жылы Башмачное-Озерное автожолында көлік басқаруымен игерелмей, көлік құралын төңкерілуге жол берді.  Нәтижесінде жол көлік оқиғасынан талапкерге  1 515 535 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. 

Железин аудандық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

04/07/2016

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.М.Ертаевпен бастамасымен «Мемлекеттік тілді дамыту»  тақырыбында «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ төрағасы А.А.Омаровтың, «Ардагерлер ұйымы» ҚБ республикалық филиалының төрағасы К.Б.Доскиреевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.  

Алғыс хат

04/07/2016

Павлодар қалалық соты ұжымының атына «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалының директоры Б.А.Айтқазиннан алғыс хат келіп түсті.

Хаттың авторы Павлодар қалалық сотының ұжымына жемісті ынтымақтастық үшін шексіз алғысын білдіреді.