Архив событий

05/07/2016

Автомашинаны сатып алу шартын мойындау жөніндегі талап арыз медиация тәртібінде шешілді

05/07/2016

Талапкер А. азамат  Ю.-ға сотқа жылжитын  мүлікті  сату-сатып алу  мәмілесін жарамды деп тану және  моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Талапкер жауапкерден автомашина сатып алған, рәсімдеу барысында  транспортқа тыйым салынғаны анықталды. Жоғалтқан уақыты мен жүйке күйзелісіне орай соттан моральдық зиянды өндіруді талап етеді

Сот алдындағы дауды реттеу  тәртібінде тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу келісімін жасады.  

Май аудандық сотында хат-хабарларды жөнелтудің тәртібі жөнінде семинар өткізілді

05/07/2016

Май аудандық сотында мамандардың қатысуларымен «Хат-хабарларды жөнелтудің тәртібі» тақырыбымен семинарлық оқу өткізілді.

Сот кеңсесінің бас маманы З.Жүнісбаева семинарға қатысушыларға, тараптарға хабарламалар жолдағанда аудандық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу жөніндегі Ережені, сондай-ақ, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың пошта байланысы арқылы жіберілетін құжаттарының тізімдемесін басшылыққа алу керектігін айтып өтті.