Архив событий

01/07/2016

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

01/07/2016

Шарбақты аудандық сотымен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды (ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдары бойынша 2016 жылғы 27 мамырында сотталушы Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында музыка тыңдауды себеп қылып, жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап алған. Содан кейін телефонды алып оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыс барысында жәбірленушіге 34 500 тенге материалды шығын келтірілген.

Ата-ана мiндеттерін орындамау айыппұл төлеуге әкелді

01/07/2016

Ақсу қаласының Калкаман ауылының тұрғыны 2006-2008 жылғы екі кәмелетке толмаған балалардың анасы бола тұра,  спирттік ішімдіктерге әуестеніп, балаларының оқуы мен тәрбиесімен айналыспай, ата-ана міндеттерін  орындамаған.

Аталған мән-жайлар ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігіне көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту хаттамасын құрастыруға негіз болды.

Ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкесі айыппұл төледі

01/07/2016

Ақсу қаласының тұрғыны Е.Наско екі кішкентай балаларға қатысты ата-аналық міндеттерді орындамағаны үшін және чпирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігіне көзделген (балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша ата-ана міндеттерін орындамау) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкесіне 10 393 теңге айыппұл төлеуіне жатады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тараптар келісімге келді

01/07/2016

Павлодар аудандық сотымен ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 188-бабы).

Іс материалдары бойынша, Н. 15 мамыр айында сағат 23:00 шамасында жәбірленуші В.-ға тиесілі «LG-H502f» маркалы ұялы телефона ұрлық жасады. Осымен 53 000 теңге ортақ сомасына материалдық шығын келтірді.

Ювеналдық сотта «Отбасында гендерлік теңдікке жету. Отбасында тәрбиенің рөлін арттыру және отбасыны нығайту» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

01/07/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасында гендерлік  теңдікке жету. Отбасында тәрбиенің рөлін  арттыру және отбасыны нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Медиация тәртібінде отбасын сақтау

01/07/2016

Железин аудандық сотымен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа некені бұзу туралы талап арызбен жүгінді, өзінің талабында жауакердің ішімдікті шамадан тыс пайдаланатынын, осы негізде жанжал ашатынын айтып өтті. Қазіргі уақытта бөлек тұрып, бірлескен некеден екі балалары бар.

Әкімшілік соттың судьялары Әдеп кодексінің жобасын талқылады

01/07/2016

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Судьяларының кезектен тыс қабылдауы VІІ-съездінде жоспарланған, судьялар мінез-құлық ережесі мен Әдеп кодексінің қағидалары жобасын талқылауға арналған семинар өткізілді.

Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат

01/07/2016

Ертіс аудандық сотында судья Д.Нұржанованың, прокурор ААбильдинаның,  аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Кабиденованың, Павлодар облысы әділет Департаментінің Ертіс аумақтық бөлімінің жетекшісі Г.Сарсенбаеваның  қатысуымен «Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді. 

Ата-ана міндеттерін бір жыл ішінде қайталап орындамағаны үшін айыппұл төлеуге әкелді

01/07/2016

Павлодар облысының Лебяжье ауданының Кызыл-Коғам ауылының тұрғыны С.Базарбанова әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап кәмелетке толмаған 2000 жылы туған, 2008 жылы туған, 2010 жылы туған үш баласына қатысты ата-ананың тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция инспекторының көмекшісі айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін 12 миллион айыппұлға сотталды

01/07/2016

Павлодар қаласының №2 сотында айтарлықтай мөлшерде заңсыз әрекеттері үшiн пара алу - ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасауда  айыпталған Павлодар қаласының ІІБ ОБП қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Баланың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта болғаны үшін анасына айыппұл салынды

01/07/2016

 Ақсу қаласының тұрғыны Л.Фесикова әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеті үшін, яғни сағат 23-тен кейін үй-жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 2000 жылы туылған кәмелетке толмаған қызы Златаның түнгі уақытта болуына жол бергенген үшін ӘҚБтК-нің 442-бабының үшінші бөлігі бойынша 2016 жылғы 21 маусымдағы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жұмысқа орналасуға рұқсатынсыз мектепте жұмыс істеген, шетелдік-мұғалімге қатысты әкімшілік іс қаралды

01/07/2016

Качир аудандық сотымен Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша 43 жасар мүғалім А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 517 бабының бесінші бөлігі).