Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шарбақты аудандық сотымен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды (ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдары бойынша 2016 жылғы 27 мамырында сотталушы Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында музыка тыңдауды себеп қылып, жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап алған. Содан кейін телефонды алып оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыс барысында жәбірленушіге 34 500 тенге материалды шығын келтірілген.

Сот тергеуін бастамас бұрын, сотталушымен жәбірленушімен және қылмыс жасаған адаммен қол қойылған, дауды медиация тәртібінде реттеу және бітістіруге жету туралы келісім ұсынылды, себебі жәбірленушіге шығын толығымен өтелді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметі