Архив событий

20/07/2016

Әкімшілік жауапқа әскери қызметшісі тартылды

20/07/2016

Железин аудандық сотында 2033 ҚР ҰҚК ШКҚ әскери бөлімінің кіші сержант Т., азаматы бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы үшін ӘҚБтК 6-б. 652-б. бойынша әкімшілік іс қаралды.

Ресей азаматына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл отыз пайызға төмендетумен салынды

20/07/2016

Железин аудандық сотында Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғаны және ішкі істер органдарына  заңнамсымен белгіленген тіркелуге арналған отыз күнтізбелік күннен кейін, үш тәуліктен көп мерзімде тіркелмеген үшін Ресей Федерация азаматы Р, қатысты әкімшілік ісі ӘҚБтК 2-б. 517-б. қаралды.

Сот отырысында Р, кінәсін толығымен мойындады және зейнеткер екенің түсіндірді, ішкі істер бөлімінде отыз күнінен соң тіркелуге қажеттігін білмегенін, түсіндірді. 

Құқық қорғаушы органның қаулысын орындаудан жалтарғаны үшін айыппұл салынды

20/07/2016

Ақтоғай аудандық сотында Я. азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды. Құқықбұзушы оған Ақтоғай ауданнының ІІБ –нің УПИ –нің көмекшісімен қаулысымен ӘҚБтК 440 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10605 тенге мөлшерінде айыпұл салынған. Алайда осы уақытқа дейін айыпұл төленбеген, Я. азаматша қаулыны орындаудан бастартып жүр. 

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, жақын арада айыпұлды төлеймін деп міндеттенді.

Май аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды

20/07/2016

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Май аудандық сотының ғимаратына арнайы келіп, өңірлік сот жүйесінің жұмыс барысымен және ғимараттағы инновациялық технологиялардың қолданылу аясымен танысты.

Кездесу барысында кеңсе менгерушісінің м.а. З.Жүнісбаева Май аудандық сотының ғимараты бойынша қонақтарға арнайы экскурсия ұйымдастырып, сот жүйесінде орын алып жатқан жаңалықтармен таныстырды.

Ертісте «Алу жүргізуді санкциялау туралы материалдарды қарау» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

20/07/2016

Ертіс аудандық сотының тергеу судьясы Д.К.Нұржановамен «Алу жүргізуді санкциялау туралы материалдарды қарау» атты тақырыпта  прокурор А.А.Абильдинаның және қорғаушы Т.Т.Джангульдиновтың қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Өз баяндамасында Д.К.Нұржанова алу жүргізуді және тінтуді жүзеге асыру өндірісі туралы қаулыны санкциялау Қазақстан Республикасының ҚІЖК 220 бабының 13-1,13-2,13-3,13-4 бөліктерімен қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін Железин тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды

20/07/2016

Железин аудандық сотымен жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында қорғау нұсқамасын бұзу фактісібойынша іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат М., өз әжесімен дау көтеріп, оған былапыт сөйлеп, қадір-қасиетін кемсіткен сонымен қатар ішкі істер органы 30 тәулік мерзімдік шығарған қорғау нұсқамасын бұзды.

Сот отырыс барысында азамат М., өз кінәсін толық мойындады.

«Оңайлатылған сотқа дейінгі өндіріс» тақырыбына семинар

20/07/2016

Качир аудандық сотында «Оңайлатылған сотқа дейінгі өндіріс» тақырыбына сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Семинарға судья Д.Б.Көдек, сот кеңсесінің меңгерушісі Д.Қ.Джумабекова, сот мамандары Л.Г.Крыштаң, К.Г.Бектурсынова, А.А.Глазко, Т.З.Сүлейменов қатысты.

Железин ауданының тұрғынына қатысты әкімшілік іс оның қатысуынсыз қаралды

20/07/2016

Павлодар облысы Железин аудандық сотымен  ӘҚБтК 608 б. 1 б. көлік құралын алкогольдік мас күйінде жүргізу  бойынша азамат А-ға қатысты іс қаралды.

2016 жылы 26 маусымда 23:40 сағатта азамат А. «Ваз-21065» көлік маркасымен Михайловка ауылында көлік құралын алкогольдік мас күйінде жүргізді.

Сот отырысына азамат А., келген жоқ, тиісті дәрежеде уақыты мен орны мен істі қаралатының хабарланған.

Ұсақ бұзақылық үшін бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

20/07/2016

Железин аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Б.  қатысты әкімшілік істі қарады.

Жауапкер жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласты

20/07/2016

Павлодар аудындық сотымен В-ға бойынша қылмыстық іс қаралды, ұрланған жағдай. Қ.К 188 б.2б.3т- бөтеннің мүмкін жасырын ұрлау.

Іс материалы бойынша 14.03.2016 жылы 10.00 сағат . Жауапкер А. Пайда алу  мақсатында, заңсыз басқа адамдардың мүлікті ұрлап тікелей ниетпен әрекет үйдің ішіне кірді, жасырын ұрлап DVD-ойыншы спутниктік ресивер, спорттық сөмке, тиесілі жәбірленуші Б. осылайша 18000 теңге сомаға соңғыға материалдық шығын келтірген.

Сот 1974 жылдан 2000 жылға дейінгі жұмыс жасағаны туралы заңды фактісін анықтады

20/07/2016

Ақтоғай аудандық соты  Ақтоғай ауылының тұрғынының арызы бойынша оның  жұмыс жасағаны туралы заңды фактісін анықтау туралы азаматтық істі қарады.

Арызданушы 1974 жылдың 06 желтоқсанынан 2000 жылдың 01 ақпанына дейін  еңбек кітапшасында «Шидертинский» совхозында, «Шидерты» АШҚ  оның шабан және тракторист болып жұмыс істегені көрсетілмегеніне байланысты сотқа жүгінген. Осыған байланысты, өзінің жұмыс өтілін растай алмай отыр.

Ақтоғай аудандық сотымен жұмыс жасағаны туралы заңды фактісі анықталды

20/07/2016

Ақтоғай аудандық соты  Ақтоғай ауылының тұрғынының арызы бойынша оның  жұмыс жасағаны туралы заңды фактісін анықтау туралы азаматтық істі қарады.

Арызданушы 1987 жылдың 05 қантарынан 1991 жылдың 12 қазанына дейін  еңбек кітапшасында (Ақтоғай) Краснокутск ауданы (Алға) Жданов атындағы совхозда жұмыскер ретінде жұмыс істегені көрсетілмегеніне байланысты сотқа жүгінген. Осыған байланысты, өзінің жұмыс өтілін растай алмай отыр.