Архив событий

28/07/2016

Жәбірленуші кәмелетке толмаған сотталушымен медиатордың көмегімен татуласты

28/07/2016

ҚР ҚК-нің 188 б. 2 б. 3 т. қылмысты жасау үшін айыпталған 2000 жылы туылған кәмелетке толмағанғанға қатысты қылмыстық іс соттың қаулысымен қысқартылды. Тұрғын үйге еніп ноутбук құралын ұрлаған, кәмелетке толмаған сотталушыны жәбірленуші кешірді. Келісу рәсімі кәсіби медиатор И.В.Седлецкаяның қатысуымен өтті. Сот отырысында сотталушы жәбірленішіден кешірім сұрады. Процесске қатысушылар арысандығы қылмыс жасауға байланысты туындаған жанжал медиация тәртібімен реттелді.

Әжесі немересінің мүддесінде заңды өкілдігін рәсімдеді

28/07/2016

Кәмелетке толмаған 2013 жылы туылған Викторияның анасы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ата-ана құқығынан шектелген, шешім заңды күшіне еңген соң баланың әжесі немересіне қамқоршылықты рәсімдеген.

Ата-ана құқығы алты айға шектеу мерзімі баланың анасымен жүріс-тұрысын өзгертпеген, кішкентай Викторияның әжесімен сотқа анасының ата-ана құқығын айыру туралы талап арызымен жүгінуге себеб болды.

Кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ата-анасыз еріпжүруі үшін айыппұл

28/07/2016

Павлодар қаласының тұрғыны М.К.Ребова әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде кәмелетке толамаған 1998 жылы 04 қарашада туылған ұлы Ребов Вадимның түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріпжүруіне жол берді.

Шарбақты аудандық сотында сот актілерін орындау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

28/07/2016

Шарбақты аудандық сотында аға сот орындаушысы Б.Оспановтың, Шарбақты ауданының прокуроры С.Жижистің қатысуымен «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік істерді қарау сот тәжірбиесі талқыланды.

Кішкентай баланың әкесі сот отырысында әкелігін мойындады

28/07/2016

2015 жылы туылған кішкентай Канаттың анасы,әкесін анықтау және одан алименттер өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінуге себебі, оның әкесі И.А.Ерепов азаматтық халжағдай актілерін тіркеу органдарына әкелігін тіркеуден басту болған.

Сот отырысында балының жауапкер жазбаша арыз арқылы әкелігін мойындады.

Азаматтық процесстегі татуластыру рәсімі сұрақтары тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/07/2016

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «азаматтық процесстегі татуластыру рәсімі сұрақтары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға соттың судьяларымен кәсіби медиатор И.В.Седлецкая, Павлодар облыстық адвокаттар коллегиясының №2 заң кеңес меңгерушісі Г.Т.Султанбекова қатысты.

«Ювеналдық сот ісін жүргізу партисипативтік рәсімін колдану ерекшелігі» тақырыбында Павлодар облыстық адвокаттар коллегиясының №2 заң кеңес меңгерушісі Г.Т.Султанбекова сөз сөйледі.

Павлодар облысының экономикалық сотта медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өтізілді

28/07/2016

Бітімгершілік рәсімдері институтының дамыту мақсатында, Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта судялар мен кәсіби медиаторларының қатысуымен «Медиация рәсімін қолдану туралы. Бітімгершілік келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді сот төрағасы м.а. Е. Кожабергинов ашты және дөңгелек үстелдің ең басты мақсаты, медиация мен басқа да дауларды шешудің оңтайлы әдістерін дамыту болып табылатынын айтты.

Ақсу қалалық сотында «Азаматтық іс жүргізу кодексінің Новеллалары» тақырыбына дөңгелек үстел жүргізілді

28/07/2016

Ақсу қалалық сотында Азаматтық іс жүргізу кодексінің Новеллаларды  және  «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылдың 20 наурыздағы № 2 талдау бойынша дөңгелек үстел жүргізілді.

Іс-шараға Ақсу қалалық сотының с удьялары, Ақсу қаласы прокуратурасының прокурорлары, Ақсу қаласының мемлекеттік ұйымдарының өкілдері қатысты.