Архив событий

12/07/2016

Лебяжі аудандық сотында «Пробация қызметінің материалдарды рәсімдеуі және сотқа ұсыну мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

12/07/2016

Оған Лебяжі аудандық сотының төрағасының м. а. Б.Сабитденова және Лебяжі ауданының пробация қызметінің қызметкері Р. Бурбаев, прокурордың көмекшісі С. Маратұлы қатысты.

Б.Сабитденова өз сөзінде пробация қызметкерлеріне материалдарды жинауда сапасы мен толықтығына аса назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар, ҚР ҚК, ҚІЖК және ҚАК талаптарын сақтауды нұсқады.

Качир аудандық сотында ««Сот кабинеті» сервисі арқылы құжаттарды қабылдау және оларды қарау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

12/07/2016

Качир аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінің «Сот кабинеті» сервисі арқылы «Құжаттарды қабылдау және оларды қарау тәртібі» деген тақырыпқа семинар өткізілді.

Семинарға сот кеңсесінің меңгерушісі Д.Қ.Джумабекова, сот мамандары  К.Г.Бектурсынова, А.А.Глазко, Л.Г.Крыштак, Т.З.Сүлейменов қатысты.

Ертіс аудандық сотында «Тергеу амалдарын санкциялау» атты тақырыптағы брифинг өткізілді

12/07/2016

Ертіс аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Д.К.Нұржанова,  «Тергеу амалдарын санкциялау» атты тақырыпта бұқаралық ақпарат құралдарының,  Ертіс ауданы прокуратура органдары өкілдерінің және «Бейбітшілік» Қоғамдық қорының өкілі А.Д.Идрисовтың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында Д.Қ.Нұржанова тергеу сотының өкілеттіктерін және оларды жүзеге асырудың жалпы шарттарын регламентеуші, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 55,56 баптарының қолданылу нормаларына түсінік берді.

Май аудандық сотында мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен сотқа электронды құжаттарды түсіру тәртібі туралы «дөңгелек үстел» өткізілді

12/07/2016

Мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдары, аудандық ардагерлер кеңесі, жеке кәсіпкерлер мен кәсіби емес медиаторлардын қатысуымен аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенованың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды құжаттарды электронды ақпараттық сервисі арқылы түсіру тәртібі туралы тақырыпқа дөңгелек үстел арналды.

Сот көлік салығын өндіру жөніндегі талап арызды қанағаттандырды

12/07/2016

Май аудандық сотымен «Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің С. жауапкерден 39 325 теңге көлік құралы салығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жауапкер көлік құралы салығын 2012,2013 және 2015 ж.ж. уақытында төлемеген.

Аудан прокурорының мемлекет мүддесі үшін берілген талап арызы қанағаттандырылды

12/07/2016

Май ауданының прокуроры мемлекеттің мүддесі үшін Ж. жауапкерден жәбірленушінің емделуіне кеткен ақшаны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Істің мән-жайы бойынша, жауапкер Ж., 2016 жылы 5 маусымда Май ауданының Кентүбек ауылында болатұра масан күйінде қасақана түрінде Кентүбек ауылының тұрғыны азамат А-ны ұрып соққан. Осы жол оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 мемлекетік номері 761 FWA 16 автокөліктін жолаушысы Б. деген азамат ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға түсті.

Екібастұз тұрғынына тұрған машинамен соғылысқаны үшін айыппұл салынды

12/07/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен - Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы құқық бұзушы М., қатысты әкімшілік ісін қарады.

Ертіс ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс сотпен тоқтатылды

12/07/2016

Ертіс аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабының 2 бөлігі 3 тармағы бойынша (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) Ч.қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы өткізілді, өкізілу барысында БАҚ өкілдері қатысты (аудандық «Иртыш» газеті).

Ресей азаматына миграциялық заңнама бұзғаны үшін айыппұл отыз пайызға төмендетумен салынды

12/07/2016

Железин аудандық сотында Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғаны және ішкі істер органдарына  заңнамсымен белгіленген тіркелуге арналған отыз күнтізбелік күннен кейін, үш тәуліктен көп мерзімде тіркелмеген үшін Ресей Федерация азаматы С, қатысты әкімшілік ісі ӘҚБтК 2-б. 517-б. қаралды.

Сот отырысында С, кінәсін толығымен мойындады және үшінші топтағы мүгедекгін және зейнеткер екенің түсіндірді, ішкі істер бөлімінде отыз күнінен соң тіркелуге қажеттігін білмегенін, түсіндірді. 

Сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырусыз қалдырды

12/07/2016

Железин аудандық соты пробация қызметінің ұсынысы бойынша  сотталушы Г. қатысты «бас бостандығын шектеу» жазасын «бас бостандығынан айыру» жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Іс бойынша, сотталушы Г. жазасын өтеу мерзімінде белгіленген тәртіпті бұзуға жол беріп және  ескерту тұрде  жауаптылыққа тартылған. Бірақ, аталған бұзушылық сотталушы бостандықта бола тұра жаңа қылмыс жасайтын негізі болып табылмайды.