Архив событий

07/07/2016

Медиативтік келісім шарттары арқылы неке сақталды

07/07/2016

Ақсу қалалық сотымен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер А. жауапкермен 2012жылы неке қиып отбасы құрғаны туралы   және осы некеде бала туылғанын дәлелдеп, талап арызбен сотқа арызданды. Жауапкермен мінездері келіспегендіктен одан әрі бірлесіп отбасы ретінде некені сақтай алмаған.  Мүлікті бөлу туралы дау орын алған жоқ, бала талапкермен бірге тұратын болады.

Сот көлік құралы салығын өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

07/07/2016

Май аудандық сотымен «Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің С. жауапкерден 39 325 теңге көлік құралы салығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жауапкер көлік құралы салығын 2012,2013 және 2015 ж.ж. уақытында төлемеген.

Ертіс аудандық сотында «Медиация туралы» Заңын насихаттау жұмыстары белсенді түрде жалғасын табуда

07/07/2016

Судья Д.К.Нұржанова кәсіби емес медиатор Е.И.Буряк және «Бейбітшілік» Қоғамдық қорының өкілі А.Д.Идрисовпен кездесу өткізді.

2016 жылдың өткен кезеңінде барлық қысқартылған қылмыстық істер, ҚР ҚК 1 б. 68 бабының негізінде  кәсіби медиаторлардың қатысуымен, медиация тәртібінде шарт жасасумен байланысты, яғни тараптардың татуласуымен, аяқталды.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша брифинг

07/07/2016

Ертіс аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Д.К.Нұржановамен,  2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының және «Бейбітшілік» қоғамдық қорының өкілі А.Д.Идрисовтың қатысуымен брифинг өткізілді. 

Д.Қ.Нұржанова ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жүргізілген жұмыстар, шығарылған сот үкімдерінің, қаулылардың, жеке қаулылардың  саны көрсетілген талдау анықтамасымен таныстырып өтті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстыра отырып, жіберілген сот төрелігінің сапасы туралы анықтаманы баяндады.

Шарбақты аудандық сотының қызметкерлері Шарбақты тарихи-өлкетану мұражайында болды

07/07/2016

Астана күні қарсаңында Шарбақты аудандық сотының қызметкерлері Шарбақты тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады. Сот мамандарын мұражай қызметкерлері қарсы алып, аудандық конкурстардан қойылған суреттермен әрленген Астана күнінен арналған бұрышпен таныстырды. Мұражай қызметкері Қазақстан Республикасының Президенті жаңа мемлекеттің құрушысы ретінде тұрақты да жаңа астана құру идеясын қалыптастырды деп атап өтті.

Мотоциклды ұрлау фактісі жөніндегі іс медиация тәртібінде келісіммен тоқтатылды

07/07/2016

Качир аудандық сотында 42 жастағы азамат В-ға қатысты тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiріп ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 188 бабы 2 бөлігі 3 тармағы). 

Мас күйінде көлік жүргізушілер сотта жазаланды

07/07/2016

2016 жылдың 1 жартыжылдық басынан бастап Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік ұйытқұмар күйде басқарған адамдарға қатысты 704 әкімшілік іс қарады. Сот, аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімінің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзғандығын анықтады.

Олар іс-әрекеттерімен жол қозғалысына айтарлықтай тұлғалар қауіп төңдірді мас күйінде жүргізуші жауапқа тартылады. 

Ертіс аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

07/07/2016

Ертіс аудандық сотында «Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Қабылдауға келген азаматтарды Ертіс аудандық сотының төрағасының міндетті атқарушы Д. Нұржанова қабылдады.

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында медиацияны дамыту сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

07/07/2016

Май ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында, осы партияның төрағасы А.Байғалиев, Май ауданы бойынша мемлекттік кірістер басқармасының, әділет басқармасының, аудандық және ауылдық әкімшілік, ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби емес медиаторлар және жергілікті «Шамшырақ» газетінің өкілдерінің қатысуымен және аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенованың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді.