Архив событий

27/07/2016

Экономикалық сотта «Сот орындаушылардының атқарушылық іс жүргізу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

27/07/2016

Павлодар облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Сот орындаушылардының атқарушылық іс жүргізу» тақырыбы бойынша сотында жеке сот орындаушылар Палатасының өкілдері мен Павлодар облысының Әділет департаментінің сот орындаушыларыныңқатысуымен  дөнгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы м.а. Кожабергинов Е.М. жиналғандардың алдында сөз сойледі. Дөңгелек үстелдің қатысушыларының назарын аударып, азаматтық сот өндірісінде атқарушылық іс жүргізудің маңыздылығы және әділеттіліктің тиімділігіне зор үлес қосатындығы туралы айтты.

Ертіс аудандық сотта «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 669 бабын қолдану» тақырыбына семинар

27/07/2016

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.К.Нұржановамен «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 669 бабын қолдану» атты тақырыпта прокурор А.А.Абильдинаның, қорғаушы Т.Т.Джангульдиновтың және Ертіс ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы А.Ж.Хайдаровтың қатысуымен семинар өткізілді.

Баянауыл аудандық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша брифинг өткікізді

27/07/2016

Сот төрағасы, сот ұжымы, «Баянтау» редакциясының журналисті қатысты.

Сот құқығы құқық тәртібі бойынша азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істері бойынша – сот төрағасы Салатов Д.С.,  статистикалық мәліметтер бойынша  - кеңсе меңгерушісінің м.а. Омарова А.М. сөз сөйледі.

2016 жылдың 6 айы бойынша сотқа 32 қылмыстық ісі, 29 аяқталды, оның ішінде 3 іс мемлекеттік тілде қаралды.

Май аудандық сотында талап қоюды қамтамасыз ету тақырыбында семинар өтті

27/07/2016

Май аудандық сотында сот төрағасы Ұ.Рахимбергенованың төрелігімен және сот мамандардың қатысуымен «Талап қоюды қамтамасыз ету ҚР Азаматтық процестік кодексінің 15 тарауын талқылау» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарда сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова өз сөзінде қатысушыларға Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінің 15 тарауы  жайлы түсіндірі.

Сонымен қатар, семинар барысында сот мамандары жоғарыда аталған тарауын жетілдіру процесінің мәнін терең ұғынып, оны қолдану тәртібін пысықтады.

Алкоголь өнімдері жөніндегі заңының талаптарын бұзу

27/07/2016

Павлодар облысы Май аудандық сотында ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен азаматша  Н-ға. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сай, Май ауданы Көктөбе кентінде азаматша Н. өз дүкенінен 29 шілдеде 2016 жылы сағат 11.20 шамасында Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдері жөніндегі заңының талаптарын бұза отыра азамат К.-ға бір шөлмек арақты сатып жіберген.

Сот отырысында азаматша Н., оған тағылған әкімшілік кінә бойынша өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінеді.

Май аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін талқылау» тақырыбында брифинг өтті

27/07/2016

Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенованың «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін талқылау» атты тақырыбында брифинг өткізді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен жергілікті аудандық «Шамшырақ» газетінің тілшісі А.Карімов қатысты.

Павлодар аудындық сотында Ұлан үкіметтік емес ұыймының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді

27/07/2016

Павлодар аудандық сотының жас студенттер үшін ашық есік күні өтті, Павлодар облысында Ұлан жастар ұйымының мүшелері.

Кездесу барысында қонақтар инновациялық технологияларды сотының жұмысынан және сот тарихынан сұрақтар қойды. Сондай - ақ , сота экскурсия студенттер үшін өткізілді.

Студенттік сұрақтар сот Сыздықова А.М. басқармасының бастығы жауап берді.

Өзбекстан азаматтары Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған

27/07/2016

Лебяжі аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 5 бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) үш Өзбекстан азаматтары Т.,Т.,А., қатысты  әкімшілік істер қаралды.

Шарбақты аудандық сотында Шарбақты ауданының прокурорының қатысуымен жергілікті полиция өкілдерімен кездесу өтті

27/07/2016

Шарбақты аудандық сотында Шарбақты ауданының прокурорының қатысуымен жергілікті полиция өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттаманы толтыру және «Сот кабинеті» сервисі арқылы материалдарды сотқа жолдауда кезінде туындайтын сұрақтарды талқылады.

Шара соңында сот төрағасы істерді қарау сапасын арттыру мақсатында аудандық ІІБ қызметкерлеріне сотқа жолданатын материалдарды дұрыс және сапалы ресімдеуге көңіл бөлуді атап өтті.

Ақтоғай аудандық соты 2016 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді

27/07/2016

Ақтоғай аудандық сотында  2016 жылдың алты айының  қорытындысы бойынша БАҚ өкілінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына МЕҰ-ның, прокуратура, әділет басқармасының, БАҚ  және соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Іс – шара барысында Ақтоғай аудандық сотының төрайымы С.Г. Хисматуллина қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтер келтіре отырып  баяндама жасады.

Ақтоғай аудандық сотында сот актілерін орындамағаны үшін борышкерлерді жауапқа тарту сұрақтары талқыланды

27/07/2016

Ақтоғай аудандық сотында «Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында сот актілерін орындамағаны үшін борышкерлерді жауапқа тарту бойынша қиыншылық туындайтын сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға  аталған соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі, Ақтоғай ауданы бойынша Әділет басқармасының басшысының м.а. және Ақтоғай ауданы бойынша жеке сот орындаушысы қатысты.

Атқару құжатының төлнұсқасын беру жөнінде өтінішін сот қанағаттандырудан бас тартты

27/07/2016

Павлодар обласы Железин аудандық сотына Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 Песчан арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер Д. және В. қатысты кәмелеттіке толмаған балаларын асыру үшін алиментті өндіріп алу туралы ақтару құжаттың төлнұсқасын беру туралы өтініші келіп түсті.

Өтінішті қарау кезінде, сот атқару құжатын жоғалу туралы дәлелдерді тексеріп, зерттеді.