Архив событий

11/07/2016

Ертіс аудандық сотында сот мамандарымен жиналыс өткізілді

11/07/2016

Ертіс аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.Т.Магауовпен соттың бас маманы М.Е.Темірбековтың тағайындалуына байланысты, кеңсе мамандарының арасында шұғыл  жиналыс өткізілді.

Т.Т.Магауов жаңа тағайындалған маманға оның қызметтік міндеттері туралы түсінік берді, сонымен қатар кіріс пен шығыс құжаттамаларын тіркеу, азаматтық сектордың, сот мұрағатының жұмысы туралы және сот отырысының хатшысы-бас маманының жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.

Туған ағасына тіл тигізген 69 жасар зейнеткерге қатысты іс медиация тәртібінде қысқартылды

11/07/2016

Железин аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қарсы әрекет жасау фактісі бойынша 69 жастағы П. азаматқа әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 1-бөлімі 73-бабы).

Іс материалы бойынша, П. азаматы өз үйінде, 74 жастағы ағасына балағат сөздер айтып жанжал шығарған.

Іс қарастыру барысында жәбірленушімен және  құқық бұзушымен татуласу жөнінде медиативтік келісім жасауына байланысты істі қысқарту жөнінде жазбаша өтініштер түсті және сот отырысында олармен расталды.

Тәжікстан азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегiнен шығарылды

11/07/2016

Железин аудандық сотында Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғаны және  ішкі істер органдарына заңнамсымен белгіленген тіркелуге арналған  бес күнтізбелік күннен кейін, үш тәуліктен көп мерзімде тіркелмеген үшін Таджикистан Республикасының азаматы Ч. – қа қатысты әкімшілік ісі қаралды (ӘҚБтК 2-бөлімі 517-бабы).

Сот отырысында, Ч. азаматы кінәсін толығымен мойындап, Қазақстан Республикасына 2016 жылы 26 маусымда ағасына қонаққа келген, бірақ мұтып қалғанына байланысты, ішкі істер бөлімінде тіркелген жоғын түсіндірді.  

Жылқыларды ұрлау фактісі жөніндегі қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

11/07/2016

Павлодар аудандық сотымен А.-ға қатысты ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімі 3 тармақшасы  ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдар бойынша, 2016 жылдың 26 сәуірінде сағат 21:00-де сотталушы А. Павлодар ауданының ауылдарының бірінде бола тұрып, жәбірленуші Х.-ға тиесілі екі бас жылқыларды ашықтың құлпын бұзу жолымен, қоршаған ортадан жасырын ұрлады. Өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге 600 000 теңге сомасында материалдық шығын келтірді.

Павлодар сотында алаяқтық фактісі бойынша сотталғанға қатысты қылмыстық іс қаралды

11/07/2016

Павлодар қ. №2 сотында ҚК 1902б. 3б. 1п. б – ірі мөлшердегі алаяқтық бойынша ШҚО-даотырған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталған Павлодар қаласының акиматының қызметкері жаңадан ашылған алаяқтық жасағаны бойынша ШҚО отырған жерінен әкелді. Сотталған қызметкер өз таныстарына жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтерді нарықтық төмен бағаға ұсынып, алдын ала ақша қаражатын алғағаннан кейін жасырынып кеттетін.

Екібастұз тұрғыны тіркелмеген газдалған револьверді алып жүргені үшін жауапқа тартылды

11/07/2016

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, ӘҚБтК-нің 1 бөлігі 482 бабы бойынша, бұл ішкi iстер органдарында тiркелмеген қаруды заңсыз иеленіп алу, сақтау, алып жүру, азамат М. қатысты әкімшілік ісін қарады.