Туған ағасына тіл тигізген 69 жасар зейнеткерге қатысты іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қарсы әрекет жасау фактісі бойынша 69 жастағы П. азаматқа әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК 1-бөлімі 73-бабы).

Іс материалы бойынша, П. азаматы өз үйінде, 74 жастағы ағасына балағат сөздер айтып жанжал шығарған.

Іс қарастыру барысында жәбірленушімен және  құқық бұзушымен татуласу жөнінде медиативтік келісім жасауына байланысты істі қысқарту жөнінде жазбаша өтініштер түсті және сот отырысында олармен расталды.

Сот қаулысымен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге келуіне байланысты, П-ға қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізуі қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі