Ертіс аудандық сотында сот мамандарымен жиналыс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ертіс аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.Т.Магауовпен соттың бас маманы М.Е.Темірбековтың тағайындалуына байланысты, кеңсе мамандарының арасында шұғыл  жиналыс өткізілді.

Т.Т.Магауов жаңа тағайындалған маманға оның қызметтік міндеттері туралы түсінік берді, сонымен қатар кіріс пен шығыс құжаттамаларын тіркеу, азаматтық сектордың, сот мұрағатының жұмысы туралы және сот отырысының хатшысы-бас маманының жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, сот отырысының аудио-бейне жазба бақылау жүйесін қолдану негіздерін талқылады. Сот кеңсе меңгерушісі барлық сот процестері аудио-бейне жазбаның қолданылуымен жүргізілуі қажетттігін атап айтты. 

Жиналыс соңында мамандар пікір алысып, жұмыс барысында орын алатын кемшіліктерді және оларды шешу жолдарын  талқылады.

Источник: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі