Тәжікстан азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегiнен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғаны және  ішкі істер органдарына заңнамсымен белгіленген тіркелуге арналған  бес күнтізбелік күннен кейін, үш тәуліктен көп мерзімде тіркелмеген үшін Таджикистан Республикасының азаматы Ч. – қа қатысты әкімшілік ісі қаралды (ӘҚБтК 2-бөлімі 517-бабы).

Сот отырысында, Ч. азаматы кінәсін толығымен мойындап, Қазақстан Республикасына 2016 жылы 26 маусымда ағасына қонаққа келген, бірақ мұтып қалғанына байланысты, ішкі істер бөлімінде тіркелген жоғын түсіндірді.  

Сот қаулысы бойынша, Ч. Азаматы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 517 б. 2 б. сәйкес құқық бұзушылық жасағанына айыпты болып танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы тағайындалды.

Қаулы заң күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі