Атқару құжатының төлнұсқасын беру жөнінде өтінішін сот қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар обласы Железин аудандық сотына Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 Песчан арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер Д. және В. қатысты кәмелеттіке толмаған балаларын асыру үшін алиментті өндіріп алу туралы ақтару құжаттың төлнұсқасын беру туралы өтініші келіп түсті.

Өтінішті қарау кезінде, сот атқару құжатын жоғалу туралы дәлелдерді тексеріп, зерттеді.

Сонымен қатар, өтініш берушімен атқару құжаттын жоғалу туралы растайтын дәлелдемелерді, сондай-ақ, атқару құжатының жоғалу туралы мән-жайлары өтішіш хатта көрсетілген жоқ.

Железин аудандық сотының ұйғарымымен Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 Песчан арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің растайтын құжаттарының болмауына байланысты өтініш  қанағаттандырылмаған.

Ұйғарым занды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі