«Алтын белгі» үміткерлердің түлектері үшін ашық есік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық есік күні шеңберінде «Алтын белгі» үміткер  атағы және мектеп бітірген №9 ЖББОМ-нің оқушылары шақырылды. Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы С.Кабдыгалиев болашақ әріптестер үшін қызықты және мазмұнды экскурсия өткізді. Жетекші маман А.Селиванова түлектерге сот құрылымы және лауазымды қызметкерлердің міндеттерін туралы әңгемеледі. Бас маман сот отырысының хатшысы Ж.Даутова қонақтарға сот процесі және оны өткізу тәртібі туралы атап шықты. Бас маман Ж.Сраилова қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен ерекшеліктері туралы баяндады. Түлектер сот отырысын тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Түлектер Ж.Уралова және С.Валуева пайдалы және танымдық кездесу үшін Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ Ж.Уралова және С.Валуева осындай іс-шаралар заңгер мамандығы жас ұрпақтың қызығушылық тудыратынын атап шықты.

Источник: 
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі